Елімізде бір тәулікте жол апаттарынан 7 адам қаза тауып, 6-ы ауруханаға жатқызылды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде бір тәулікте жол апаттарынан 7 адам қаза тауып, 6-ы ауруханаға жатқызылды

Елімізде бір тәулікте жол апаттарынан 7 адам қаза тауып, 6-ы ауруханаға жатқызылды

Астана. 12 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Елімізде бір тәулікте жол апаттарынан 7 адам қаза тауып, 6-ы ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды агенттік ҚР ТЖМ-іне сілтеме жасап.

  • 12 Қазан 2007
  • 367
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, мекеме ақпаратына сәйкес, Алматыда 12 қазанда 3 сағат 57 минутта «Ниссан» автокөлігінің жүргізушісі көлігін бағанға соғып алды. «Апат салдарынан төрт адам оқиға орнында жан тапсырып, екеуі ауруханаға жатқызылды», -деп хабарлайды ТЖМ.

Сонымен бірге, Алматы облысында Алматы — Өскемен тас жолында 11 қазанда 18 сағат 50 минутта «Мицубиси», «Тойота» және «Фольксваген» көліктері соқтығысты, соның салдарынан үш адам оқиға орнында қаза тауып, төрт адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті