Елімізде бір жылда құрылыс материалдары қаншаға қымбаттады? - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде бір жылда құрылыс материалдары қаншаға қымбаттады?

Елімізде бір жылда құрылыс материалдары қаншаға қымбаттады?

Қазақстандықтарға жөндеу жұмыстары қымбатқа түседі: бір жыл ішінде құрылыс материалдары айтарлықтай қымбаттады, - деп хабарлайды Energyprom.kz.

  • 18 Мамыр 2021
  • 72
Фото - Caravan.kz

Сарапшылар сәуірдің қорытындысы бойынша өндіруші кәсіпорындардың құрылыс материалдары жылдық өсімде 21,4 пайызға қымбаттағанын айтты. Бір жыл бұрын өсім тек 0,3 пайыз болған.

Бұл ретте құрылыс ұйымдары сатып алған құрылыс материалдарының бағасы бір жыл ішінде 1,7 пайызға (бір жыл бұрын — 0,5 пайызға) өссе, көтерме сауда нүктелерінде бағаның өсуі 5,7 пайызды (бір жыл бұрын — 2,4 пайыз) көрсеткен.

2021 жылғы сәуірде құрылыс материалдарының жылдық бағасы 7,5 пайызға (бір жыл бұрын — 6 пайызға) өскен.

Қазақстан өңірлері арасында құрылыс материалдарының қымбаттауы Шымкент пен Павлодар облысында 4,2 пайыздан Маңғыстау облысында 18,6 пайызға дейін.

"Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің басшысы Бейбіт Атамқұлов төрт айдың қорытындысы бойынша құрылыс материалдары өндірісінің 26,5 пайызға өскенін айтты. Жылу оқшаулағыш материалдар (жылдық өсім — 2,5 есе), кірпіш (2,9 есе), портландцемент (плюс 17,6 пайыз), гипс (плюс 21,8 пайыз) және құрылыс ерітінділері (плюс 22,2 пайыз) өндірісі баға өсімінің драйвері болды.

Бұл ретте бөлшек сауда нүктелерінде кірпіш, күйдірілген саздан жасалған құрылыс бұйымдарының бағасы сәуірдің қорытындысы бойынша жылына 7,7 пайызға, құрылыс ерітінділері — 6,6 пайызға, құрылыс мақсаттарына арналған гипстен жасалған бұйымдар — 6,1 пайызға қымбаттады. Цемент 1,7 пайызға, әк пен гипс 0,1 пайызға қымбаттады, ал бетон, керісінше 5,3 пайызға арзандады", — деді сарапшылар.


Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

 

Маяковский гүлдері: ақынның белгісіз ғашығы

Қазақстанда алдағы демалыста 36 градусқа дейін күн ысиды

Зинедин Зидан "Реал Мадридтен" кететінін мәлімдеді

 

  •  
Соңғы жаңалықтар