2015 жылғы 15 қыркүйекте, сағат 04:49 шамасында «Сарыарқа» әуежайының төлқұжат тексеру бекетінде ішкі істер органдарында тіркелусіз, Қазақстан Республикасында болу мерзімін бұзған Түркия азаматшасы Х. ұсталған. Ол елімізде болу мерзімін 11 тәулікке кешіктірген.
Сот отырысында құқық бұзушы азаматша Х. 2015 жылғы 30 тамызда Қазақстан Республикасына келгендігін және ҚР аумағында болу ережесін заңды білмегендіктен бұзғандығын түсіндірген.
Түркия азаматшасы Х. өз кінәсін мойындап, екі жас баламен кері бағытқа қайтатынын, жазаны жеңілдету мен айыппұл мөлшерін азайтуды сұрады.
Сот тарапынан құқық бұзушының істеген ісін мойындап, шын жүректен өкінгені мен құқық бұзушылықты одан бұрын жасамағанын ескере отырып, Түркия азаматшасына 20811 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.