Елімізде дәрі-дәрмек тапшылығы тағы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде дәрі-дәрмек тапшылығы тағы басталды

Елімізде дәрі-дәрмек тапшылығы тағы басталды

Жыл басында қант диабетіне шалдыққандар дәрі таппай шарқ ұрса, ендігі кезек диспансерлік топтағы науқастарға жеткен. Үкіметтен тегін үлестірелтін препараттар қазір дәріханаларда жоқ. Ал қиналған науқастарға қажетті дәрі-дәрмектің арзанқол көшірмесі ұсынылады екен. Жауаптылар болса қашанғыдай жауапкершіліктен жалтарып әлек.

  • 20 Наурыз 2014
  • 329
Фото - Caravan.kz

Басы ауырып балтыры сыздағандар қазір шықпа жаным шықпаның кебін киіп жүр. Өйткені диспансерлік топтағы науқастарға тегін тарататын дәрі-дәрмек атымен жоқ.

— Дәрі не себептен жоқ?

—  Мен бұл жайында айт алмаймын.Басшылықтан сұраңыз.

Жанын шүберекке түйіп жүрген Жорж қария қан қысымы мен жүрекке тегін дәрі алатын. Бірақ қазір таппай салы суға кеткен. Дәрігерлер сапасы әлдеқайда салғырт препараттар ұсыныпты. Амалсыз алғанымен пайдасынан зияны көп екен олардың, ал қажеттісін сатып алуға шайлыққа жетпейтін зейнетақы қолбайлау.

Жорж Лебедев, Алматы қаласының тұрғыны:

-Маусымда болмады, қазан, желтоқсан, қаңтар, ақпан айларында да берілмеді бізге тегін дәрі-дәрмек. Үкімет қыруар ақша бөлген екен неге біздей мұқтаждарға бермейді. Жазылған қымбат дәрілерді алып тастап орнына 153 теңгелік препарат ұсынды. Ол керісінше денсаулығымды құртты.

Бұл дәріханаға сүрініп-қабынып келіп жүрген қариялардың назы. Ал табалдырық аттап шыға алмайтын ардагерлердің ахуалы тіптен аянышты. Соғыс ардагерлеріне арналған Алматыдағы аурухананың дәріханасы да жабылып тынған. Онсызда аяғын баса алмайтын қариялар сапасы салғырт дәрмектерді қаланың екінші қиырына барып алуға мәжбүр. Онда да табылса.


Айжақсы Ахметова,
Алматы қаласының тұрғыны:

-Бізге өте қиын, себебі мына жерде дәрігерден рецепті алып төмен түсе салып мына жерден бізге оңай болған. Қазір енді міне рецепті алдым  маған енді Абылайхан-Шевченкоға бару керек.  

Ал жауаптылар болса қашанғыдай жауапкершіліктен жалтарып әлек. Барлығы сүттен ақ судай таза болуға тырысып бағуда.

Людмила Ким, Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының  бөлім бастығы:

-Қазір науқастарға беріліп жатқан дәрілердің түпнұсқадан еш айырмашылығы жоқ. Барлығы бір заттардан дайындалады. Және олар науқастарға кері әсерін тигізбейді. Қазір үлестіріліп жатқан препараттар арзан сапасыз деуге болмайды, барлығын Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен.

-Үкімет бекітіп берген қымбат дәрі-дәрмектерді науқастардан кімнің қызғанып жүргенін, орнына не үшін арзанқолын үлестіріп бергенін айта алмады осылайша жауаптылар. Жыл басында қант диабетіне шалдыққан жандарды инсулинсіз қалдырып еңіреткен денсаулық саласының басшылары ықылыстары оянса бұл түйткілдің де түйінін тарқатып көрмек.