Елімізде демалыс күндері қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде демалыс күндері қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін

Елімізде демалыс күндері қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін

Қазақстанға Карск теңізі аумағынан суық және ылғалды ауа массалары келеді. Сол себептен демалыс күндері күн суытады және жаңбыр күтіледі, солтүстік, орталық және шығыс аудандарда жаңбырдың соңы қарға ауысуы ықтимал.

  • 22 Қыркүйек 2017
  • 261
Фото - Caravan.kz


Оңтүстік-шығыста жексенбі және дүйсенбі күндері жаңбыр, таулы аймақтарда сулы қар және ауа температурасы үсікке дейін төмендеуі болжанады.

Батыс облыстарда да ауа райы күрт өзгеруі мүмкін. Демалыс күндері жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді. Егер де максималды ауа температурасы +30+36 болса, сенбі күні +15+20, оңтүстік-батыста +23+28. Территорияның өзге аумақтарында ауа температурасы климаттық мөлшерден 2-6 градусқа төмен болуы болжанады.

Соңғы жаңалықтар