Елімізде дизель отынының да бағасы еркіндікке жіберілетін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде дизель отынының да бағасы еркіндікке жіберілетін болды

Елімізде дизель отынының да бағасы еркіндікке жіберілетін болды

 

  • 28 Шiлде 2016
  • 431
Фото - Caravan.kz

Бүгін еліміздің энергетика министрлігінің өкілдері дизель отынының бағасы еркіндікке жіберіледі деген ақпаратты растады. Сөйтіп, оның қанша болатынын да айтып өтті деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.

Энергетика вице-министрі Әсет Мағауовтың ойынша, аталған жанармайдың құны бір литр үшін 115 теңгеге барса, оған тұтынушылар қарсы бола қоймайды. Қазір ол жанармай құю бекеттерінде 99 теңге болып тұр.

«Жаздық дизель отынының бағасын мемлекет бақылауынан алып тастау туралы бастама көтеріп отырмыз. Біздің ойымызша, оған себеп жағдайлар өте көп. Солардың ең бастысы – бағаның көрші елмен арадағы айырмашылығы жер мен көктей. Ресейде (біздің ақшамен – ред.) оның литрі шашамен 185 теңге болса, Қазақстанда 99 теңге. Қырғыз Республикасында шамамен 160 теңге. Сондай-ақ, Қазақстанның шекарадағы аймақтарында дизель отынын тұтыну көлемі өсіп жатыр» дейді Мағауов.

Айта кетсек, елімізде дизель отынының тапшылығы 14 шілдеде байқала бастаған еді. Ол көптеген жанармай бекеттерінде болмай, ал бар жерде тек талонмен беріліп жатты. Билік болса, оны өзара сөз байласып, бағаны көтеру үшін әдейі жасап отыр деп тасымалдаушы компаниялардан көрді.


Соңғы жаңалықтар