Елімізде енді театрлар мен мұражайлар тегін болуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде енді театрлар мен мұражайлар тегін болуы мүмкін

Елімізде енді театрлар мен мұражайлар тегін болуы мүмкін

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы мәдениет нысандарының қолжетімділігін арттырудың әдісін Үкіметке ұсынды, деп xаба

  • 7 Ақпан 2017
  • 452
Фото - Caravan.kz

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы мәдениет нысандарының қолжетімділігін арттырудың әдісін Үкіметке ұсынды, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Министрдің сөзінше, әр айда бір мәрте музейлер, жылына төрт рет театрлар xалық үшін тегін болады.

"Халықтың мәдениет нысандарына қолжетімділігінің тәжірибесін енгізу. Әр айдың үшінші жексенбісінде музейлерге және жылына төрт рет театрларға, олар: дүниежүзілік Театр күні, 27 наурызда, Балаларды қорғау күні, Тәуелсіздік күнінде тегін баруды қамтамасыз ету ұсынылады. Сондай-ақ мектеп демалыстары шеңберінде оқушылар үшін театрлар мен музейлерге тегін бару ұсынылады. Нәтижесінде жылдың аяғына дейін аталған мәдениет нысандарына бару көрсеткіші 45 пайызға дейін жететін болады", — деп атап өтті министр Үкімет отырысында.



 

Соңғы жаңалықтар