Елімізде ең жоғары жалақы - Маңғыстау облысында - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде ең жоғары жалақы - Маңғыстау облысында

Елімізде ең жоғары жалақы - Маңғыстау облысында

Қазақстанда 2015 жылғы екінші тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 124 мың 227 теңгені құрады.

  • 29 Шiлде 2015
  • 923
Фото - Caravan.kz

Атаулы жалақы индексі 2014 жылғы 2 тоқсанға 102,9 пайызды, ал нақты жалақы индексі 98,6 пайызды құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінен хабарланды.

Салалық құрылымда ең үлкен атаулы жалақы кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазуда — 250,7 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,0 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте — 229,9 мың теңге (1,9 есеге асты), қаржы және сақтандыру қызметінде — 229,6 мың теңге (1,8 есеге асты), ақпарат және байланыс саласында — 193,1 мың теңге (1,6 есеге асты), көлік және қоймалау саласында — 157,3 мың теңге (1,3 есеге асты) белгіленген. Ал ең төменгі атаулы жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде белгіленді — 69,6 мың теңге, бұл ел бойынша орта көрсеткіштен 44,0 пайызға төмен.


«Білім беру саласында орташа жалақы деңгейі 84,4 мың теңгені құрайды, бұл республика бойынша орта көрсеткіштен 32,0 пайызға төмен. Ал өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Манғыстау облысында белгіленді — 217,3 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,7 есеге асады. Жамбыл облысында мұның шамасы 85,2 мың теңгені құрап, республика бойынша орташа деңгейден 31,4 пайызға төмен екені белгіленді», делінген баспасөз баянында.

Соңғы жаңалықтар