Елімізде ескі үйлер арзандап жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде ескі үйлер арзандап жатыр

Елімізде ескі үйлер арзандап жатыр

Еліміз бойынша соңғы екі жылда баспана бағасы сан құбылды. Тұрғын үй нарығы сарапшыларының айтуынша, қазір ескі үйлердің бағасы 10-12 пайызға арзандаған.

  • 30 Наурыз 2017
  • 993
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы "Хабар" телеарнасы хабарлады.

Мемлекеттік бағдарлама бойынша салынып жатқан үйлердің құны тікелей құрылыс материалдарының бағасына байланысты. Қазір Астана, Алматы, Ақтау, Атырау және Өскемен қалалары тұрғын үй бағасы жағынан көш бастап тұр. 

Десе де, жыл өткен сайын тұрғын үй сатып алушылар саны ұлғайып келеді. Мәселен, 2015 жылмен салыстырғанда, өткен жылы көрсеткіш 15 пайызға өскен. Жалпы 2016 жылы тұрғын үй нарығындағы сауда-саттық ұлғайған. Қазақстандықтар барлығы 190 мың келісім жасасқан. Екі жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда 24 мың жеке баспанаға көп сатылған. 

Айтпақшы, соңғы екі жылда мұнай бағасының құбылып, доллар бағамының өсуі нәтижесінде қазақстандықтардың кірісі 5 пайызға төмендеген. Алайда тұрғын үй нарығындағы сауда-саттыққа әсер етпеген. Қызығы, керісінше халықтың АҚШ валютасындағы жинақтар көлемі 70-тен 80 пайызға дейін өсіп, баспана сатып алу мүмкіндіктері ұлғайған. Мысалы, соңғы екі жылда Астанада тұрғын үй сауда-саттық келісімдері 61 пайызға, Алматыда 48, Ақтауда 12, Шымкентте 18 пайызға өскен.

Өткен жыл қорытындысы бойынша, елдегі жаңа салынған үйлердің шаршы метр бағасы 4 пайызға құлдыраған, ал ескі баспана бағасы 1 пайызға арзандаған. 


Халықаралық инвестициялық банктер мамандарының болжамынша, биыл тұрғын үй бағасы сәл төмендейді. Мысалы, тек Астананың өзін алсақ, өткен жылы 1,3 миллион шаршы метр баспана салынады деп жоспарланған болатын. Алайда «ЭКСПО» көрмесі аясында да тұрғын үй құрылысы жанданғандықтан, бұл көрсеткіш 2 миллион шаршы метрге дейін көбейді. «Нәтижесінде ұсыныс ұлғайып, халықтың кірісі төмендегенін ескерсек және ипотекалық қарыздардың тартымдылығын арттыру көзделіп жатқандықтан, баспана бағасы төмен түседі», – дейді мамандар. Айына шамамен 0,8-1,25 пайызға дейін деп болжануда.
 

Соңғы жаңалықтар