Жарияланды: 1200

Елімізде Германия экономикасының Қазақстандағы дәстүрлі мерейтойлық күндігіне арналған шаралар өтеді

Елімізде Германия экономикасының Қазақстандағы дәстүрлі мерейтойлық күндігі өтеді. Бұл туралы күндікті ұйымдастырушылар, атап айтсақ, Германияның экономикалық клубы, Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы елшілігі мен Қазақстандағы неміс экономикасы өкілдігінен хабарлады.

Биыл Германия экономикасының Қазақстандағы дәстүрлі күндігі бесінші мәрте өткізіліп отыр. Оған биыл 100-ден астам неміс компаниялары қатысады. Германия экономикасының Қазақстандағы 2003-жылғы дәстүрлі күндігі "Қазақстан және Германия- шекарасыз экономикалық байланыстар" деген тақырыпқа арналады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, күндіктің ресми ашылу салтанаты 29-қыркүйекте Алматыда өтеді. Оған ҚР индустрия және сауда министрі Әділбек Жақсыбеков пен Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Андреас Кертинг қатысады. Алдағы форумға Федералдық Саксония аймағының өкілдері, Германияның машина және жабдық өндірушілерінің бірлестігі мен Қазақстанның іскерлік өкілдері қатысады. 30-қыркүйекте неміс компанияларының көрме-тұсаукесері мен Қазақстандық және Федералдық Саксония және Баден-Вюрттемберг аймағы іскерлерінің өзара байланыс орнатуға арналған кооперациялық биржалары өткізіледі. Бұл шаралар екі елдің бизнестік құрылымдары арасындағы байланысты нығайтуға, жаңадан қарым-қатынастар орнатуға бағытталады. Ал Германия экономикасының Қазақстандағы дәстүрлі күндігіне арналған Астанадағы шаралар 1-2-қазанға белгіленген.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін