Елімізде көлік жүргізушілеріне салынатын айыппұл қысқартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде көлік жүргізушілеріне салынатын айыппұл қысқартылды

Елімізде көлік жүргізушілеріне салынатын айыппұл қысқартылды

9 қаңтардан бастап елімізде жол ережесін бұзғандарға салынатын айыппұл көлемі төмендетіледі.

  • 8 Қаңтар 2018
  • 235
Фото - Caravan.kz

Мәселен, бұған дейін қарсы жолаққа шығып кеткендер 1 жылға жүргізуші куәлігінен айырылатын. Ал жаңа заң бойынша 6 айдан кейін көлік тізгіндеуіне рұқсат, деп хабарлайды 24.kz

Жол жүру ережесін бұзғаны үшін елімізде салынатын айыппұл көлемінің көптігі бұған дейін талай мәрте айтылды. Ақыры төмендетіліп, заң жүзінде бекітілді. Бірер күннен кейін күшіне енетін құжатта жеңілдіктер көп.

Мәселен, бұған дейін күндіз көліктің шамын жақпағандар шамамен 11 мың теңге айыппұл төлейтін. Қазір 7 мың теңгесін сарп етеді. Тіпті бір мәрте ескерту жасалуы да мүмкін. Жылдамдықты 10-20 км/сағаттан асырғандарға, көлікті тыйым салған жерге қойғандарға да салынатын айыппұл 2 есе қысқарды. Ал темір тұлпарын мүгедектердің тұрағына қойғандар бұрын 113 мың теңге төлесе, жаңа заңда айыппұл мөлшері – 24 мың теңге. Сондай-ақ тәртіп сақшыларына бағынбай, қарсылық танытқандар бұрын бірден 1 жылға жүргізуші куәлігінен айырылса, енді 72 мың теңге төлеп, жазадан құтылады.

Блиц:

– Айыппұлдың төмендетілгені жақсы болды. Кейде күндіз жарық жақпай кетсең де, көп мөлшерде айыппұл төлейтін едік. Жаңа ережелерге әсіресе жүргізушілер ризамыз.

– Төмендеткені дұрыс болды деп ойлаймын. Бірақ айыппұлдарды былтырғы жылдары көтерген кезде кептелістің өзі азайып қалды. Көліктер азайып жатыр. Былтырғыдай емес, жол апаты да аз болып жатыр..

– Айыппұлдардың қысқарғаны бізге жақсы болды. Кейде жарық жақпай, белбеу тағуды ұмытып кететін жағдайлар болады.

– Негізі мүмкіндігінше ережені бұзбау керек. Заңмен жүру керек.


Заң күшіне енбей жатып, жол ережесін бұзғандар да жеңілдетілген айыппұлға ілінуі мүмкін. Дәлірек айтқанда, егер оларға қатысты қаулы шықпаса, онда жаңа заң шеңберінде жауапкершілікке тартылады.

Айсана Сман, заңгер:

– Егер жол жүру ережесін бұзса, ал оған қатысты қаулы заңдық күшіне енбесе, онда ол жаңа заң бойынша айыппұл төлеуге міндеттеледі. Бұл әкімшілік заңбұзушылық туралы кодекстің 5-бабында қарастырылған. Ал Астанада 15 қыркүйекте пилоттық негізде енгізілген «Сергек» бейнебақылау камерасына бүгінге дейін 36 мыңға жуық заңбұзушылық тіркелген. 240 миллион теңгеден астам айыппұл салынып, оның 11 млн теңгесі өтеліпті. Бастысы жол ережесін өрескел бұзу жайттары азайған.

София Қылышбекова, қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

– Статистикаға қарасақ, әжептеуір төмендеген. Жол көлік апаты да, көшеде жасалатын құқықбұзушылықтардың да саны 19-20 пайызға азайды деп айтуға болады. Сонымен қатар бұл жүргізушілерді де тәртіпке салады. Өйткені қазіргі таңда «Сергектен» басқа 3 мыңнан астам бейнебақылау бар. Мамандар «статистика жақсарды» дегенімен, биыл жыл басынан бері бір ғана Астанада 100-ден астам көлік апаты тіркеліпті. Бұл ретте жүргізушілер тарапынан әлі де жауапкершіліктің артқаны құба-құп болар еді.

 

Соңғы жаңалықтар