Жарияланды: 770

Елімізде НАТО-ның "Желідегі Жібек жолы" атты жобасы жүзеге асырыла бастады

НАТО-ның бас хатшысы Джордж Робертсонның елімізге жасайтын ресми сапары аясында 10-шілде күні Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық Университетінде ғылыми-білім беру жөніндегі Қазақстандық "КАЗРЕНА" компьютерлік жүйесінің тұтынушылары қауымдастығының жиналысы өтеді. Бас қосу НАТО ғылыми комитетінің "Желідегі Жібек жолы" атты жобасы бойынша спутниктік станцияның пайдалануға берілуіне арналады. Бұл туралы ғылыми-білім беру жөніндегі

Қазақстандық "КАЗРЕНА" компьютерлік жүйесінен KZ-today тілшісіне хабарлады. Кездесуге республикамыздың жетекші жоғары оқу орындарының ректорлары, ҚР білім және ғылым министрлігінің , Алматы әкімшілігі мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады. Спутниктік станцияның құрамында 3,8 м.-лік диаметрлі антенналық-табақша , KALITEL фирмасының қабылдағышы, маршрутизатор мен CISCO компаниясының есте сақтау қондырғысы қамтылады. Станция Түркияның "Евразиясат" атты ғарыштық спутнигі арқылы байланысты қамтамасыз етеді. Аталмыш байланыс арнасының көмегімен еліміздегі жоғары оқу орындары мен академиялық институттар Германияның DESY физика институтының бас операциялық институты арқылы әлемдік ақпараттық кеңістікке шығу мүмкіндігіне ие болады. Аталмыш оқиға НАТО ғылыми комитетінің "Желідегі Жібек жолы" атты жобасының Қазақстанда жүзеге асырылуының бастамасы болып табылады. Жобаның мақсаты - ғылыми зерттеулер процессін қарқындандыру, жаңа ақпараттық технологиялар мен қашықтан оқыту әдістемесін енгізу, сондай-ақ академиялық алыс-беріс, барыс-келісті ұлғайту арқылы білім беру мен ғылым саласына қолдау көрсету болып табылады. Спутниктік станцияны пайдалануға берумен бірге абоненттік инфрақұрылымдық желінің жабдықтарын монтаждау жұмысы жүзеге асырылады. Бұл жоба да НАТО ғылыми комитетінің грантымен атқарылып отыр. Қазір НАТО-ның ғылыми комитеті Алматыда желілік инфрақұрылымды дамытуға және Астана, Ақтөбе, Семей және Шымкент қалаларында да осындай компьютерлік желіні іске қосуға арналып КАЗРЕНА тарапынан грант алу үшін келіп түскен тағы да екі жобаны қарастыруда. Ұшы-қиырсыз Қазақстан аумағы мен ғылым және білім саласының даму қарқынын ескерген НАТО-ның ғылыми комитеті Орталық Қазақстандағы қалалардың бірінде тағы бір спутниктік станция орнату туралы шешім қабылдады. НАТО-ның Ғылыми комитетінің қолдауымен Қазақстан аумағында КАЗРЕНА қауымдастығы тарапынан құрыла бастаған ғылыми-білім беруге бағытталған компьютерлік желі тұтынушыларға тек 64 Кбит/сек-2Мбит/сек аралығындағы жоғары жылдамдықпен Интернетке шығуға мүмкіндік беріп қана қоймай, басқа да бірнеше түрлі электрондық қызметтер көрсете алады , атап айтсақ, қашықтан білім беру, электрондық тест тапсыру, веб-хостинг, электрондық пошта байланысы, бейнеконференциялар өткізу, ғылым және білім беру саласындағы ақпараттық ресурстарға қол жеткізу мүмкіндігі беріледі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть