Жарияланды: 370

Елімізде өткен тәулікте жол апатынан 13 адам қаза тапты

Елімізде өткен тәулікте жол апатынан 13 адам қаза тапты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Агенттік мәліметіне жүгінсек, Ақмола облысында жол апатынан 7 адам мерт болды. Жол апаты Астана-Петропавл тас жолының 118-шақырымында болып, "Мерседес-Бенц" және "ВАЗ-21011" автокөліктері соқтығысып қалды. Апат салдарынан екі жүргізуші мен ВАЗ-дың бес жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ, 7 жасар бала жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Тағы бір ірі жол апаты Маңғыстау облысында болды. 6-шы үлгілі "Жигули" автокөлігі мен "КамАЗ" жүк машинасының соқтығысуы салдарынан ВАЗ жүргізушісі мен үш жолаушы қаза тапты. Тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді. Сол күні Шығыс Қазақстан облысында шөп тиеген "ЗиЛ-131" автокөлігінің жүргізушісі электр жалғастыру желісін іліп кетті. Соның салдарынан жүргізуші мен оның жолаушысы тоққа соғылып өлді. Сондай-ақ, машина мен оның үстіндегі шөп өртенді. Өртті сөндіруге мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің 4 адамы мен бір техникасы жұмылдырылды. Өрт бір сағаттың ішінде сөндірілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін