Жарияланды: 420

Елімізде полиция көліктеріне жаңа құрылғы орнатылады

Елімізде полиция көліктеріне жаңа құрылғы орнатылады

Атырау облысы ІІД өкілдері полиция көліктеріне орналастырылатын камера туралы айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Желіде аймақтағы патрульдік көліктерді жаңа құрылғымен жабдықтап жатқан сәт түсірілген видео пайда болған еді. Видеокамера көліктің төбесіне орналастырылған және ол 360 градусқа дейін айнала алады.

«Бұл көліктің видеотіркеуіштері, ол заң бұзғандарды түсіріп алады. Қазіргі кезде камералар орнатылып жатыр», - деп мәлімдеді Атырау облысы ІІД баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарова.

Полицейлер толығырақ ақпаратты кейінірек беруге уәде берді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін