Елімізде қызылшаға шалдыққандар саны көбейіп барады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде қызылшаға шалдыққандар саны көбейіп барады

Елімізде қызылшаға шалдыққандар саны көбейіп барады

Қызылшаның беті қайтар түрі жоқ. Ауа арқылы тарайтын қауіпті кеселді соңғы бір айдың өзінде 167 адам жұқтырған. 

  • 11 Маусым 2014
  • 312
Фото - Caravan.kz

СЭС мамандары ауру шекарадан өткен адамдармен ілесіп келгенін айтады. Яғни індет Ресейден жеткен. Бұл елде қызылшаға қарсы екпе біздегідей емес,  ерікті түрде жүргізіледі. Салдарынан екпесіз қалып жатқандар көп екен. Дерттің беті негізінен еліміздің солтүстік аймақтарында қайтпай тұр. Қызылша дендегелі 167 адам тіркеуге алынып, ем қабылдап жатыр. Соның өзінде ауру күннен күнге өршіп, әсіресе қызылшаның не екенін білмейтін және егілмеген адамдар арасында көбейіп барады. Осыған орай, Үкімет шұғыл түрде аурумен күрестің алдын алуға кірісіп кетті. Еліміздің барлық өңірінде жұртқа  кезектен тыс жаппай екпе жасау үшін, қосымша вакцина сатып алынбақ.


Нұршай Әзімбаева, Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігінің сарапшысы:

-Өкінішке орай, соңғы кезде екпеден бас тартатындар көп болып тұр. Қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты көп адамдар өздерінің теріс көзқарасын ауыстырып егуге қайта ден қойып отыр. Қазіргі кезде егілмеген балалар өте ауыр түрде және асқынулармен ауру тіркелетенін байқап отырған болар.