Елімізде тағы ақылы жолдар пайда болады
Елімізде тағы ақылы жол пайда болады. Ақша төлеп жүретін автобан Астана-Атбасар және Қызылорда-Шымкент бағытында. |
Астанадан Атбасарға немесе Шымкенттен Қызылорданы бетке алған жүргізушілер енді жол азабынан құтылуы тиіс. Себебі ақылы болған соң сапа да соған сай болуы керек. Ал ақылы қызмет 2016 жылы кезең-кезеңімен енгізілмек. Инвестиция және даму министрлігі ол үшін арнайы серіктестік те құрмақшы. Компания әрлі-берлі қатынағандардан ақша жинап, жолдың сапасын бақылап отырады. Құнның әзірге қанша болары белгісіз. Бүгінде елімізде осындай бір ғана ақылы жол бар. Ол Астана-Шучинск. Мұнда әр жеңіл көліктен 200 теңге алынады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін