Жеңіс Қасымбек, ҚР Көлік және коммуникация министрі:
-Келесі жылдан бастап бiз Қызылорда және Шымкент арасындағы жолды бiрiнші санаттқа сай ақылы етпекпіз. Ал , екiншi санат бойынша «Атбасар-Астана» тас жолы жүк көлiктерi үшін ақылы болады.
Мұндай ақылы жол елімізде алғаш рет былтыр «Астана-Щучинск» бағыты бойынша ашылған еді. Бұл автобан бір жылда 800 млн теңге табыс тауыпты. Сондай-ақ, министрдің айтуынша, 2020 жылға қарай тағы 7 мың шақырым респуликалық автомобиль жолдары ақылы жүйеге ауысады. Бұл — қайта жөндеуден өткен немесе жаңадан салынған учаскелер. Ал, «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» көлік дәлізі келесі жылы толық пайдалануға берілмек. Биыл оның Шымкенттен Ресей шекарасына дейін және Жамбыл облысы аумағындағы жұмыстары аяқталады екен.