Жарияланды: 510

Елімізде төтенше қорғаудағы табиғи аумақтарды дамытудың 2006-2008-жылға дейінгі бағдарламасының жобасын жасау көзделіп отыр

2005-жылы елімізде төтенше қорғаудағы табиғи аумақтарды дамытудың 2006-2008-жылға дейінгі орта мерзімді бағдарламасының жобасын жасау көзделіп отыр. Бұл туралы бүгін, 26-наурызда мемлекеттік табиғи қорықтар қорын дамытуға және осы саладағы тауқыметтерге арналған парламенттік тыңдауда ҚР ауылшаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов мәлімдеді.

Министрдің бірінші орынбасарының айтуынша, бағдарламада жобаланатын төтенше қорғаудағы табиғи аумақтардың тізімі, алдағы үш жылға оларды орналастыру аймақтары, қаржыландыру жолдары мен бағдарламаны орындауға қажетті техникалық ресурстар айқындалады. Асқар Мырзахметовтың айтуынша, "алдағы жылдарда "Көлсай көлдері" және "Жоңғар" Ұлттық табиғи саябақтары құрылады". Ол сондай-ақ, 2004-жылғы бюджетте төтенше қорғаудағы табиғи аумақтарды қаржыландыруға 1,7 млрд. теңге қарастырылғанын, ол 2003-жылғы қаржыдан 2,6 есе артық екенін хабарлады. Министрдің бірінші орынбасарының айтуынша, "2004-жыл соңында "Төтенше қорғаудағы табиғи аумақтар туралы" заңның жаңа редакциясы парламентке ұсынылады". Бұған қоса "Қазақстан ормандары" бағдарламасыынң жобасы жасалып, үкіметтің бекітуіне берілді. Бұл бағдарламада алдағы үш жылда 100,3 мың гектарда орман қорын қалпына келтіру шаралары қарастырылған. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстанда 9 мемлекеттік табиғи қорық, 7 мемлекеттік Ұлттық табиғи саябақ, екі мемлекеттік табиғи резерват, 1 жергілікті маңызы бар табиғи саябақ, 57 қаумал, республикалық маңызды 4 қорық аймағы, республикалық маңызды 26 табиғи ескерткіш, жергілікті маңызы бар 66 айрықша қорғаудағы аумақ жұмыс істейді. Республикалық маңызы бар, қорғаудағы аймақтардың жалпы аумағы 14,6 млн. гектарды құрайды, бұл жалпы мемлекет аумағының 5,4 процентіне тең.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін