Елімізде тұңғыш рет "Сапалы өмір сүрудің философиясы" атты рухани форум өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде тұңғыш рет "Сапалы өмір сүрудің философиясы" атты рухани форум өтті

Елімізде тұңғыш рет "Сапалы өмір сүрудің философиясы" атты рухани форум өтті

Елімізде тұңғыш рет рухани форум өтті. 

  • 18 Қараша 2019
  • 268
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталының журналисті форумға қатысып, жиналған халықтан сұхбат алды. 

Форумның негізгі мақсаты қазақ халқының құндылықтарының жойылмауын насихаттау, қазақ халқының бизнесті жете түсініп, онымен жұмыс жасауды түсіндіру болды.  

Бұл форумға арнайы қонақтар Алтынбек Қоразбаев, Жақсылық Үшкемпіров, Жанар Айжановалар шақырылған. 

Республика сарайы халыққа толы болды.

Ең үздік төрттік — Марғұлан Сейсембай, Аманжол Рысмендиев, Арман Қуанышбаев, Омар Жәлел мырзалар болды. Форумда бұрын-соңды қозғалмаған тақырыптар жайлы терең білім берілді. 

"Отбасылық бақыттың қазақы формуласы" тақырыбында сөз бастаған Омар Жәлел мырза бүгінде Абайтанушы, филология ғылымдарының кандидаты, "Харекет", "Жақсы" кітаптарының авторы. 

Кеш барысында дүйім жұртты аузына қаратқан Омар Жәлел мырза ұлттық құндылықтарды, отбасы құндылықтарын, қазақи тәрбие жайлы өте жақсы насихаттады. Әр қазақ баласына "Ер жігіт ел үшін туады, елі үшін өледі" деп тәрбие беру керек. Біз баланы білім ал, жақсы жұмыс жасасаң, жақсы ақша табасың деп қате үйретіп жүрміз. Ер азамат өз қамы үшін ғана емес, елі үшін қызмет жасауы керек. Қазірден бастап, баламыздың санасына осы мәтелді жете түсіндіріп, қазақ үшін, елі мен жері үшін адал қызмет етуді жеткізу әрбір ата-анаға нықтап беру міндетті дер едім. 

Отбасы бақыты еркек ер болғанда екендігі дәлелденген. Еркекті екіге бөлеміз. Еркек және еркек қатын деп. Қазақ "қатынды бастан, баланы жастан" не деп не үшін айтқан? Қалыңдығыңды үйге апарғаннан бастап, оған "қатын" деп айтуың керек. Ал, қатынның "отағасы" деуінде үлкен мән мен мағына жатыр. Ата-ананың осындай бір-біріне деген сыйластығын, құрметін көрген баланың түсінігінде, түйсігінде отбасының символы анық, айқын болып қалыптасады. Қазақта жанұя емес, отбасы деп айтылады. Атаулардың өзінде үлкен мәннің жатқанын жіктеп ажырата кең түсінік берді.

Омар Жәлел мырза халықты өзіне тарта, жиналған қауымға сұрақ қоя отырып, халық пікірін ала отырып сөзін жалғастырды. Ақыл неде? деп сұрады. Әр адам өз білгенінше, ақыл — жүректе, ақыл — ойда, ақыл — білімде деген сынды түрлі жауап берді. Ал, Омар мырза, ақыл — малда деді. Сенің малың болмаса, үйдегі қатының да сөз тыңдамайды, сөзің өтпейді, сөзің жүрмейді де. Қатының сөзіңді тыңдамаған соң, береке де, ауызбірішілк те кететінін тағы бір ашықтап өтті. 

Екінші кезекте миллиардтаған байлықтың иесі, үлкен тәжірибиелі кәсіпкер — Марғұлан Сейсембай. "Бақытты, сапалы өмір сүрудің құпиясы" жайлы халыққа нақты, тұжырымды, түсінікті етіп бизнес саласында түрлі слайдтар арқылы тұщымды түсінік бере білді. 

Көпшілікке танымал, исламды терең зерттеген, исламды дәріптеуші, дүйім халықтың махаббатын алып, қаншама халықтың жүрегін иманға ұялатқан Исламтанушы —
Арман Қуанышбаев
мырза "Тұлғалық дамудың рухани қадамдары" тақырыбына тоқталды. 

Арман мырза адам баласы өзінің сырт бейнесінен бұрын, ішкі дүниесін танудағы тұлғалық дамудың сырын айтты. Телефонға қарап немесе айнаға қарау арқылы әр адам өзінің сырт бейнесін көре алатыны сияқты, 5-10 минут сол телефонға қарап, адам ішкі дүниесінің селфиін жасауды үйренсе екен деймін деп өте жақсы дүниені бір ауыз сөзбен жеткізе білді. 

Әр адам өзін тану мақсатында Арман мырзаның өте керемет ұсынысы көпшіліктің көңілінен шықты. Ол кісі өзіңді тану үшін екі апталық қана күнделік арнауға кеңес берді. Ол күнделікте:

1) Күнделікті іс-қимылыңызды жазу.

2) Эмоцияларыңызды жазу. а) жұртқа көрсететін эмоция, ә) өзіміздегі эмоция.

3) Ойыңызды жазу. Яғни, шәй ішіп отырғанда, досыңмен кездесерде, интернетте отырғанда. Жалпы не ойлайтыныңыз туралы жазу.

Осы екі апталық күнделікті жазып болған соң, "Мен кіммін?" деп өзіңізге сұрақ қойып, өзіңізге зерттеу жасау арқылы өзіміздің кім екенімізді тануды үйретті. 

Кеш соңында форумды ұйымдастырушы бизнес-тренер, филантроп — Аманжол Рысмендиев мырза орасан бай мәлімет бере білді. Мотивация мен іскерлік, жалқаулық пен енжарлық, өмірдегі барлық салалардың балансы мен көшбасшылық жайлы жұртқа кеңінен жеткізді.

Білімге толы форум өз мәресіне жетіп, жиналған халық сан-салалы тақырыпта білім нәрімен сусындағаны жаздерінен байқалды. 

Форумға арнайы Шымкент қаласынан келген Айгүл есімді келіншек:

— Мен бұл форумға бір ай бұрын билет алдым. Осындай ұлы тұлғалардың тренингтеріне қатысу көптен бері ойымда жүрген еді. Бір ғана адамнан емес, 4 бірдей білімді, білікті адамдардың ұйымдастыруы мен үшін қуантарлық жағдай болды. Көп ой түйдім. Сонау жерден келгеніме өз-өзіме қатты риза болып тұрмын. Бұл кісілерге алғыстан басқа айтарым жоқ. Алланың нұры жаусын!, — деп шексіз ризашылығын білдірді. 

18 жасар Балнұр есімді қыз анасымен бірге форумда бой көрсетті. Балнұр:

 — Анамды алып келдім. Мынандай білім нәрімен сусындау үшін анам екеуміз 40 мыңға билет алғаныма еш өкінбеймін. Осы форумдағы 4 кісіге де ризамыз. Осындай форумдар жалғасын тапса, келе беруден еш тартынбас едім. Кітаптарын оқып, уағыздарын тыңдап, тренингтерін көрген бір бөлек те, тікелей өздерінен тыңдау мүлдем салыстырмайтын дүние. Әр адамға келіп тыңдауға кеңес берер едім, — деп сөзін топшылады. 

Халыққы ықыласына бөленіп, елі үшін адал қызмет атқарып жүрген азаматтарға алғысымыз шексіз! 

Соңғы жаңалықтар