Елімізде жанар-жағармай құны 15 пайызға өсуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде жанар-жағармай құны 15 пайызға өсуі мүмкін

Елімізде жанар-жағармай құны 15 пайызға өсуі мүмкін

Жанар-жағар май бағасы 10-15 пайызға өсуі керек. Бүгін «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының өкілдері күтпеген жерден осындай мәлімдеме жасады.

  • 22 Тамыз 2014
  • 419
Фото - Caravan.kz

Ерлан Қойбағаров, «ҚазМұнайГаз» АҚ бас директорының маркетинг ісі бойынша орынбасары:

— Жанармай бағасының өсуіне екі себеп бар. Қазір бензинге деген сұраныс  артты. Оған қоса девальвация болғанын білесіздер. Бұл бізге ауыр соғып жатыр. Ал, бағаның қашан қымбаттайтыны бізге байланысты емес. Оны антимонополия агентігі мен құзырлы министрлік шешеді.

«ҚазМұнайГаз» өкілдері тіпті девальвацияның салдарынан маусым, шілде айларында 800 миллион теңге шығын көрдік дейді. Ал бүгін  АИ-95 маркалы бензин көп жерлерде 5 теңгеге қымбаттады.Қалған жанармайдың бағасы тамыз айының аяғына дейін сақталады екен. Бірақ кеше Қостанай облысында АИ-92-нің құны өсіп жатқанын айтқанбыз. Еліміздің жанармай құю бекеттеріндегі жағдай бұрынғыдай. Кейбір бекеттерде кең қолданыстағы АИ-92  тек талон арқылы берілсе, көп жерлерде жанармайдың бұл түрі мүлдем жоқ.