Елімізде жаңбырлы ауа райы әлі де сақталады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде жаңбырлы ауа райы әлі де сақталады

Елімізде жаңбырлы ауа райы әлі де сақталады

Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, жел күшейіп, бұршақ түсуі ықтимал.

  • 26 Маусым 2017
  • 253
Фото - Caravan.kz

Республиканың оңтүстігінде кей жерлерде шаңды дауыл соғуы мүмкін, деп хабарлайды Sputnik-Қазақстан ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетіне сілтеме жасап.

Күндіз Қызылорда облысында кей жерлерде күн күркіреп, бұршақ түсуі ықтимал, желдің екпіні 15-20 м/с, шаңды дауыл соғады. Ақмола облысында кей жерлерде күн күркірейді, бұршақ түсуі мүмкін, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с. Қостанай облысында кей жерлерде күн күркірейді, бұршақ түсуі ықтимал, желдің екпіні 15-20 м/с.

Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында таңертең және күндізкей жерлерде күн күркірейді, желдің екпіні 15-20 м/с. Павлодар облысында күн күркірейді, бұршақ түсуі мүмкін, желдің екпіні 15-20 м/с. Солтүтсік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде күн күркірейді, желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз бұршақ түсуі мүмкін. Алматы, Маңғыстау облыстарында түнде кей жерлерде күн күркірейді. Ақтөбе облысында кей жерлерде желдің екпіні 18 м/с. 

Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында күндіз кей жерлерде аптап ыстық сақталады. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында кей жерлерде төтенше өрт қаупі бар. 


Соңғы жаңалықтар