Елімізде жаз бойы болмаған аптап ыстық орнап жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде жаз бойы болмаған аптап ыстық орнап жатыр

Елімізде жаз бойы болмаған аптап ыстық орнап жатыр

Тіпті бірнеше өңірде сынап бағанасы күтпеген жерден  +40 градусқа бір-ақ жетті. Сондықтан  «Қазгидромет» орталығы  тұрғындарға аса сақ болуды ескертіп,  шұғыл дабыл қағуда.

  • 19 Тамыз 2014
  • 232
Фото - Caravan.kz

Әсіресе,  аптап ыстық  бір  аптадан бері Батыс Қазақстан облысын қыспаққа алуда.  Орталық Азиядан жеткен құрғақ ауа тұрғындардың қан қысымын көтеріп жатыр. Бұдан бөлек Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе,  Қарағанды мен Қостанай облыстарында   сынап бағанасы +40 градустан асып, халық көшеге көп шықпауға тырысуда. Ал синоптиктердің болжамы бойынша  Орталық, Оңтүстік, Солтүстік пен Шығыстағы шақырайған күннің қызуы әзірше қайтпайды. Әлі де бірнеше күнге созылатын ыстықта жауын-шашынның болмайтыны жағдайды ушықтыруы мүмкін. Әсіресе, диқандарға қауіп бар. Ал жұрт ыстықтан қорғану үшін субұрқақ пен көлеңкелі жерлерді сағалап жүр.Қазіргі таңда құтқарушылар мен жедел жәрдем қызметі  шұғыл күшейтілген жұмыс тәртібіне көшкен.   


Елеусін Әбдірахманов, жедел жәрдем қызметінің дәрігері:

— Осыған  байланысты бастарына ақ түсті  бас киім кию керек.  Сосын мүмкіндік болса сыртқа таңертең не  кешкі уақытта шыққан дұрыс.  болса. Ал қан қысымы бар кісілер үйден мүлдем  шықпағаны дұрыс. Себебі тамыры жарылып инсульт алуы мүмкін.