Жарияланды: 20

Елімізде жеті жол учаскесі ақылы болды

Елімізде жеті жол учаскесі ақылы болды

Қазақстанда жеті жол учаскесі ақылы болды.

 Бұл туралы «Қазавтожол» ұлттық компаниясы хабарлады, деп жазды baq.kz.

Осы уақытқа дейін Нұр-Сұлтан-Павлодар, Қапшағай - Талдықорған, Тараз - Қайнар, Шымкент - Тараз, Шымкент - Қызылорда, Шымкент - Ташкент, Щучинск - Көкшетау 4 жолақты қозғалысы бар Республикалық маңызы бар бірінші санатты автожолдардың 7 учаскесінде ақылы жүйе сынақтан өткізілді.

Компанияның хабарлауынша, ақылы жолдар бойынша қызмет көрсету орталықтары жұмысын бастап кеткен.

Жоғарыда көрсетілген учаскелерді ақылы ету туралы бұйрықтар әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтті және 2021 жылғы 23 қарашада күшіне енеді, тиісінше, осы күннен бастап жол жүру ақысы алынатын болады. Ақылы жолдар бойынша қызмет көрсету орталықтары жұмыс істей бастады, - делінген «ҚазАвтоЖол» компаниясының хабарламасында.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін