Жарияланды: 1700

Елімізде жоғары білім туралы заң жобасы жасалады

ҚР білім және ғылым министрлігі бірнеше жаңа заң жобаларын жасап шығаруды көздеп отыр. Олардың арасында жоғары білім туралы заң жобасы да бар.

Бұл туралы бүгін, 15-сәуірде Астанада ҚР білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде министр Жақсыбек Күлекеев мәлімдеді. Ж.Күлекеевтің айтуынша, "елімізде білім беру саласында күрделі жаңартауларды жүзеге асыру талабы қойылып отыр, бірақ, парламенттің қолдауынсыз оны іске асыру аса қиындық тудырмақ". Министр білім беру жүйесі мамандарына осындай мақсатқа "лайықты" адамдарды тауып, "солардың алдағы сайлауда парламентке өтуі үшін" нақты жұмыстар тындыруды тапсырды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін