Елімізде жол-көлік оқиғасы 5% өскен - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде жол-көлік оқиғасы 5% өскен

Елімізде жол-көлік оқиғасы 5% өскен

Осы жылдың қаңтар-тамыз айларында 10,1 мың жол-көлік оқиғасы тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,6% өскен.

  • 13 Қараша 2019
  • 10
Фото - Caravan.kz

Есептік кезеңде ЖКО-да 14,9 мың адам зардап шекті: 13,4 мың жараланғандар, оның ішінде 2,6 мыңы — кәмелетке толмағандар.

Сонымен қатар, ЖКО салдарынан 1,3 мың адам қайтыс болды: 959 ер адам және 377 әйел. Ал кәмелетке толмағандардың жалпы саны 146 адамды құрады.

Жол-көлік оқиғаларының көпшілігі Алматы (3,1 мың), Алматы облысы (1,5 мың) және Жамбыл (794) облыстарында тіркелген.

Салыстыру үшін: 2018 жылы жалпы Қазақстанда 15,8 мың жол-көлік оқиғасы тіркелген — 2017 жылға қарағанда 7,3%-ға аз (17 мың оқиға). ЖКО-нан 22,5 мың адам зардап шекті, оның ішінде 20,4 мың адам жараланды, 2,1 мың адам қаза болды.

Айта кетейік, ЖКО-ның ең көп тараған түрі — жаяу жүргіншіні қағып кету, бұл 2018 жылғы оқиғалардың жалпы санының 42,3%-ын құрады. Сонымен қатар, барлық ЖКО-ның 35,8%-ы көліктердің соқтығысуынан болды. Аударылу салдарынан болған оқиғалар 8,1%-ды құрады. Сондай-ақ, жиі кездесетін ЖКО ішінде көліктер кедергіге соқтығысуы (4,8%) және жолаушы құлауының салдарынан болған (3,1%) жайттар бар.


Соңғы жаңалықтар