Елімізде жүргізуші куәлігін алу жеңілдеді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде жүргізуші куәлігін алу жеңілдеді

Елімізде жүргізуші куәлігін алу жеңілдеді

Жүргізуші куәлігін алатын көлік иелері үшін медициналық тексерістен өту реті жеңілдеді. 

  • 19 Тамыз 2019
  • 44
Фото - Caravan.kz

«Азаматтарға арналған үкімет» көлік жүргізуге рұқсат беретін құжатты алу үшін талап етілетін 083 үлгісіндегі медициналық анықтамаға өзгерістер енгенін хабарлайды.

«Бұдан былай жүргізуші куәлігін рәсімдеу барысындағы медициналық комиссия құрамы 7 дәрігерден 4-ке дейін қысқарды. Енді терапевт, окулист, оториноларинголог, психиатр-нарколог дәрігерлерінің тексерісінен өту жеткілікті. Сондай-ақ қан, дәрет талдамасы, флюрография, психоактивті заттарды қабылдау бойынша зертханалық анализдерді тапсыру қажет емес», — делінген хабарламада.

Медициналық тексеріс барысында терапевт дәрігер қандайда аурулардың бар/жоғын «Диспансерлі науқастардың электронды тізілімі» ақпараттық жүйесі, ал психиатриялық немесе наркологиялық диспансерлердің есебінде тұрмауы жөнідегі ақпаратты мәліметтер базасы арқылы, сондай-ақ диспансерлердің анықтамасы негізінде тексере алады.

Айта кетейік, бүгінде жүргізуші куәлігін алу үшін медициналық анықтама үш жағдайда талап етіледі:


—         Жүргізуші куәлігін бірінші рет рәсімдеу барысында;

—         Жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткенде;

—         Жүргізуші куәлігінен айырылғандар құжатты қайта рәсімдегенде.

Жыл басынан бері 337 мың қазақстандық жүргізуші куәлігін алды.

Соңғы жаңалықтар