Жарияланды: 360

Еліміздегі 3322 округ бойынша мәслихаттың 2677 депутаты сайланды

Бүгінгі жағдаймен елімізде барлығы 3322 сайлау округі бойынша 2677 мәслихат депутаты сайланды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне ҚР Орталық сайлау комиссиясынан.

557 округте екінші қайта дауыс беру жұмысы жүзеге асырылса , 86 округте сайлау қайтадан өткізілмекші. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, сайлауға бір күн бұрынғы жағдаймен депутаттықтан үміткер ретінде 7026 адам тіркелген болатын. Соның ішінде 1635 адам облыстық, 3478 адам аудандық, 1913 адам қалалық мәслихаттарға сайлау додасына түсті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін