Еліміздегі мектептерде "орамал дауына" байланысты айыппұл салынып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздегі мектептерде "орамал дауына" байланысты айыппұл салынып жатыр

Еліміздегі мектептерде "орамал дауына" байланысты айыппұл салынып жатыр

Ақтөбе облыстық департаментінің мәліметі бойынша, 19 қаңтардан бері қыздары мектепке бармайтын 13 ата-анаға айыппұл салынған.

  • 20 Ақпан 2018
  • 301
Фото - Caravan.kz

Қобда ауданы Әлия елдімекенінде тағы бір ата-анаға бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде (12 мың теңге) айыппұл салынған. Бұл туралы аудандық білім беру бөлімінің меңгерушісі Нұрлыбай Айжарықов мәлім етті, деп хабарлайды Абай.кз.

"Қобда ауданындағы Әлия мектебінің 6 және 8-сыныбында оқитын екі оқушы үшінші тоқсан басталғалы бері сабаққа бармаған.Екеуі де бір үйдің балалары. Бұл оқушылардың ата-анасымен бірнеше рет кездескеніміз, ескерту жасағанымыз жайлы және басқа да құжаттарды Ақтөбе облысының білім саласын бақылау департаментіне жолдадық. Департамент біз жолдаған құжаттар негізінде ата-анаға айыппұл салды", — дейді Нұрлыбай Айжарықов.

Ақтөбе облыстық дін істері басқармасының дерегінше, қазір облыс аумағында «мектеп формасын бұзғандықтан» мектепке бара алмай отырған 103 бала бар. Қаңтар айынан бері бұл балалардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.Ал Ақтөбе облысының білім саласындағы бақылау департаменті қаңтар айының 19-ынан бері жалпы саны 13 ата-анаға айыппұл салған.


 

Соңғы жаңалықтар