Жарияланды: 3600

Еліміздегі қақтығыс кезінде Қарақат Әбілдина Түркияда болған

Еліміздегі қақтығыс кезінде Қарақат Әбілдина Түркияда болған

Еліміздегі қақтығыс кезінде Қарақат Әбілдина Түркияда болған.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Танымал әнші Қарақат Әбілдина елімізде болған қақтығыстан алдын іссапармен Түркияға ұшып кеткен. Елі үшін жанын шүберекке түйіп, жылап та алған. Ол жерде әулие-әмбиелердің басына барып құран бағыштап, елдің амандығын тілеп, құрбан шалғанын тәптіштеп баяндап берді

"Елдегі жағдайдың алдында іссапармен Түркияға ұштым, 1 аптаға. Келіп алған соң, телефонды бағып тек жаңалық қараумен болдық. Керекті кездесулер өтіп, құжаттарға қол қойдым. Бірақ көз құлақ, жүрек бәрі ел жақта болды. Ішім ішіме сыймай, жылап та алдым.
“ Уайымнан у іштім” - деген екен ақын. Тура сол, не жеп, не қойғанымызды білмей, уайым басты.

Сонда жақын достарымыз
“ Қарақааат, осы жақта Конья деген қала бар. Әулиелер өткен, Мәулана Жалаладдин Румидің кесенесі, Ахмет Яссауидің шәкірттерінің жатқан жері, діни білімнің ордасы. Арнайы зиярат ниетімен барып, ел үшін дұға етейік?!”

6-7 сағаттық жол екен . Күн жауын. Ұсыныс көңілге қона кетті.

Бісмәллә деп, таңмен жолға шықтық.Жол бойы бір ерекше күйдеміз. Көңілдің босағаны-ай… Ана жердегі аураны, энергияны сөзбен айтып жеткізе алмаймын-ау! Руханияттың иісі.

Мәуләна Джалалуддин Руми кесенесі,
Румидің рухани ұстазы - Шамсуддин Мухаммад Тибризи, Мухаммад Садруддин АльКоньяуи мешіті - Құран оқып, дұға етіп, зияратымызды жасадық.

Сол жерде “Ел амандығы үшін” деп үлкен қошқарды құрбандыққа сойғызып ниет еттікте,етін сол жердегі үлкееен діни ошақ- медреселерде ілім-білім алып жатқан қазақ отбасыларына үлестірдік..
Алла қабыл еткен болсын!

Сонан соң анасы жағынан да, әкесі жағынан да тікелей Пайғамбарымыздың (с.ғ.с)
ұрпағы әкесі Хасан р.а дан,анасы Хусеин р.а дан тараған, үлкен ғұламалардың бірі, ақида, фиқһ, ихсан жайлы 9 кітап жазған, Мухаммад Баhауддин Аз-Зуғби ұстазға арнайы барып амандастық, батасын алдық. Пайғамбарымыздың ұрпағын көзбен көру, есту де нәсіп болған екен.

Бір қызығы дәл сол күні қасиетті мекенге Түркия Президенті Тайып Ердоған да келген екен, бізден 15 минут бұрын аралап шығыпты, жиі келетін жері дейді.

Пайғамбарымыздың ұрпағы өте үлкен сабақ болатын әңгіме айтты. Бұл жерге жазуға келе ме, келмей ме білмеймін. Жөн десеңіздер жазармын. Ойыңыз керек!

Зияратта елге амандық, Отанға тыныштық, қазаққа бақ-береке тіледік. ӘУМИН деп үн қосыңыз, Жақсы Адамдарым!, деп жазды әнші желідегі парақшасында. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін