Еліміздегі сынақ алаңдары қоршаған ортаға қандай зардаптар әкелуде - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздегі сынақ алаңдары қоршаған ортаға қандай зардаптар әкелуде

Еліміздегі сынақ алаңдары қоршаған ортаға қандай зардаптар әкелуде

Бұрындары "экология" деген терминді маман биологтар ғана қолданса, бұл күндері аталған ұғым кең дәрежеде қолданыла бастады. Өйткені жер бетіндегі табиғат атаулының байлығы сарқылмайды, зардап шекпейді, өзідгінен қалпына келеді деген қате түсінік болды.

  • 19 Қыркүйек 2018
  • 812
Фото - Caravan.kz

 Жалпы дерек

Табиғат қорғау ұжымдарының деректері бойынша, еліміздің жерінің 42 проценті (87,7 млн. га) жел және су эрозиясына ұшыраған, оның ішінде — ауыл шаруашылығы алқаптары (1 млн. га), сортаңдар (38,6 млн. га), батпақтаңғандары (2,1 млн. га), тастақтары (40 млн. га). Қазіргі кезде әр түрлі жер пайдаланушылары 185,6 мың га өңірді бүлдірген. Агромәдени тәсілдерді дұрыс қолданбаудың салдарынан топырақ құнарлы гумустың 20-70 процентін жоғалтқан. Ресми деректерде 1993 жылдан бері 11,2 мың га жер қалпына келтіріледі деп жазылған [79, 63 б.]. Яғни рекультивациялық жұмыстың қарқыны табиғи құлазудан кем болып тұр.

Республиканың 30 млн.га жерлерін өнеркәсіп, көлік, байланыс, елді мекендер алып жатыр. Кейбір аймақтарда топырақтың тозуы, бүлінуі және шөлге айналуы Ертіс, Әмудария мен Сырдария өзендерінің су бассейнінің азаюы, Арал теңізінің тартылуымен тікелей байланысты болып отыр. Мәселен, Оңтүстік Қазақстанда Арал аймағының экологиясына байланысты 2 млн.га жер шөлейттеніп кеткен және Жаңадария өңіріндегі 3мң га қара сексеул орманы біржола жойылу үстінде. Арал өңірі мен Сырдария өзенінің аңғары бойынша топырақтың химиялық улы заттармен және радионуклидпен ластануы жалдам жүреді.

Caravan.kz медиа-порталы бұлы жолы қазақ жеріне табиғи зардап шектірген және әліде зиян әкеліп жатқан әскери сынақ полигондарына тоқталуды жөн санады.

Тарих

Республикамыздың аумағында ядролық қарудың сыналғаны әлемге әйгілі. Полигондар аймағы ұзақ жылдар бойы құпия сақталынды. Тек Семей полигоны ғана көпшіліктің назарында болып, қалған сынақ аймақтарынан жұрт беймәлім еді. Шын мәнінде, қазақ даласының 19 млн. га жері 40 жыл бойы ядролық сынақтың полигоны болды. Ол жерлер Семей, Азғыр. Нарын, Тайсойған, т.б. полигондары алып жатқан табиғаты әлем, шұрайлы жайылымдар еді. Осы жерлерде 1949-1989 жылдар аралығында болған ядролық сынақтардың 27-сі атмосферада, 183-і бетінде, қалғаны жер астында жасалды. Атом қаруы сыналған елдермен слыстырсақ Ресей – 225, АҚШ-та – 1032, Қазақстанда – 500-ден астам жарылыс жасалған. Бұдан біз, Қазақстан жерінің қаншалықты зардап шеккендігін көреміз. Атом қаруы сол сияқты Ұлыбритания, Қытай, Франция, Үндістанда және Пәкістанда сыналғанын білгеніміз жөн. Оның үстіне дүние жүзіне танымал ядролық сынақтың орталықтары Капустин Яр (Ресей) мен Лобнор (Қытай) Қазақстанға шекаралас жақын жатқан аумақтар.

Ядролық қару әуелгіде ғылым мен техниканы дамытудағы зерттеу түрінде болды. Атом бомбасын алғаш рет АҚШ 1945 жылы Хиросима мен Нагасаки қалаларына тасталған әлмеге мәлім. Қазір оның зардаптарын жапондықтар бүгінге дейін көріп келеді.

Ал Қазақстан жерінде сыналған 500-ден астам атом бомбасының зардабы айтпаса да түсінікті болар. Ядролық қарудан тек атом бомбаларын сынаумен шектелмей полигондарда соғыс ракеталарын, т.б. техникаларды да сынақтан қатар өткізіп отырған.

Батыс Қазақстан аумағында 1966-1979 жылдар аралығында 24 рет ядролық қару сыналған. Соның ішінде Азғыр полигоны ғана 6,1 мың га жерді алып жатыр. Осы амақтарда радиактивті заттардың шекті рауалы мөлшері бірнеше есеге көбейіп кеткені анықталған. Мұндай сынақтар Үстіртте де 1986-1970 жылдары жасалған. Сол сияқты ірі полигондар қатарына Атырау облысының Тайсойған, Балқаш көлі маңында Сарышаған, Ташкент – 4 сынақ алаңдары мен Байқоңыр ғарыш айлағы да жатады. Сынақтар кезінде апатқа ұшыраған ракеталар, соғыс техникалары қоршаған ортаға өте қауіпті.


1991 жылы 20 тамызда елбасының бұйрығымен Қазақстан жерлерінде атом қаруын сынау біржола тоқтатылды. Бұл оқиғаны дүние жүзінің қауымдастығы қуана қарсы алды. Халықаралық деңгейдегі бұл шешім «Семей-Невада» қоғамдық қозғалысының жемісі болды.

Полигондар «Семей полигоны аймағындағы тұрғындардың денсаулығын зертеу және сауықтыру шараларын ұйымдастыру» (1992, 1995) туралы маңызды құжаттар қабылданды. Ал полигондардың қоршаған табиғи ортаға тигізген зардабын және радиактивті қалдықтарды жою проблемасы, халықаралық деңгейде жүргізілуде. Болашақта полигондар аймағындағы бүлінген жерлердің қалпына келіп, табиғат тыныштығы орнайтынына сеніміміз зор.

 

Қазақ жеріндегі полигондар

 

Полигондардың ішіндегі Семей өңірі ең көп зардап шеккен аймақ. Бір кездері сынақ жер бетінде де жасалып, аймақ экологиясын қатты бүлдіріп, халықна ауыр зиан шектірді.Мұнда атом қаруын сынаудың ғылыми орталығы орналасқан. Ол — Курчатов қаласы. Шығыс Қазақстан облысының Абай, Бесқарағай, Жаңасемей, Абыралы аудандарының аумақтары атом сынақтарының ордасы аталып, ең көп зардап шеккен экологиялық апатты аймаққа айналды.
 

Сарышаған – Қарағанды мен Жамбыл облыстары аумағында, Балқаш көлінің батыс және солтүстік-батысында орналасқан Еуразиядағы зымырандарға қарсы қаруды сынақтан өткізетін алғашқы және жалғыз полигон. Полигон аумағында 1 кластық «Камбала» және бірнеше далалық аэродромдар бар. КСРО ыдырағаннан кейін полигон біраз жыл қараусыз қалды. Кейін­нен Қазақстан Қарулы күштеріне толықтай өтіп, қазір онда әуе қорғанысы күштерінің жауынгерлері жаттығу өткізеді.

«Капус­тин Яр» полигоны
Қазақстан мен Ресейдің ортасында орна­лас­қан, екі елдің аумағында жатқан сынақ алаңы. Капустин Яр — Ресей­дің Астрахань облысының солтүстік-батыс аумағында орналасқан зымырандық әскери полигон. Жалпы аумағы – 650 шақырым. Оның басым бөлігі Ресейде болғанмен бір шеті Атырау, Батыс Қазақстан облыстары­ның жерін де алып жатыр.

Ашулық полигоны

Астрахань облысындағы Ашулық әскери полигоны да Қазақстан мен Ресей жерле­рі­нің ортасында тұр. Бұл полигон Әуе шабуы­лы­на қарсы қорғаныс әскерлерінің зениттік-ракеталық қаруларын сынақтан өткізуге арналған.

Жем полигоны

РФ Қорғаныс министрлігінің 11-ші Мемлектетік сынақ полигоны – Қазақстан аумағында орналасқан. 1999 жылы бұл полигонның кейбір обьектілері Ресейдегі 4-ші Мемлекеттік сынақ полигонына (Капустин Яр) көшірілген. Алайда оның өзектілігі болмады. 11-ші сынақ полигоны қаруланудың сериялық үлгілері мен әскери жауынгерлік техниканың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Чкалов полигоны

Бұл полигон Астрахань облысындағы Ахтубинск қаласында орналасқан. Бірақ оның бірқатар нысандары және әскери сынақ алаңы – Қазақстанда. Арнайы келісім бойынша, әскери алаңдар – Батыс-Қазақстан және Атырау облыстарында орын тепкен. Объектілері – алты елді мекенде, Атырау, Ақтау және Жем қалаларында.

Аталған сынақ алаңдарының, әскери полигондардың Қазақстан экологиясына зиян келтіріп, табиғатын бүлдіріп жатқаны айқын. Жер учаскелерінде адам мен өсімдіктің, жан-жануарлардың денсаулығына зиянын тигізетін радиоактивті, улы заттардың бөлінетіні жасырын емес.

Соңғы жаңалықтар