Еліміздегі террористік аxуалдың ушығып кетуіне журналистер кінәлі екен - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздегі террористік аxуалдың ушығып кетуіне журналистер кінәлі екен

Еліміздегі террористік аxуалдың ушығып кетуіне журналистер кінәлі екен

Астанадағы «Қазіргі кезеңдегі экстремизм мен терроризмнің алдын алу мен жолын кесудің заңнамалық және институционалдық шаралары&ra

  • 22 Қыркүйек 2016
  • 443
Фото - Caravan.kz

Астанадағы «Қазіргі кезеңдегі экстремизм мен терроризмнің алдын алу мен жолын кесудің заңнамалық және институционалдық шаралары» тақырыбындағы «дөңгелек үстел» отырысында «Азаматтық альянс» бірлестігінің басшысы Нұрлан Ерімбетов еліміздегі лаңкестік аxуалға қатысты өз ойын ортаға салып, аталған қауіп-қатердің негізгі себебін анықтап көрді. Оның ойынша, бүгінде біз дін мәселесіне тым көп мән береміз. Оның себебі анық, кез келген адам қоғамдағы өз орын табуы тиіс. Ал қазіргі жағдайды ушықтырып отырғандар — бұқаралық ақпарат құралдары, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Бүгінде бір мәселені тыс қалдырып отырмыз. Ол — бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысы. Мен аймақтарға жиі шығып, адамдармен жүздесіп тұрамын. Қазір қай телеарнаны қоссаң да, қай порталға кірсең де, қай газетті оқысаң да, адам өлтірді, біреуді зорлап кетті, жоғарғы қабаттан секіріп кетті, жарылыс болды, педофил және тағы басқа ақпараттарды күні-түні беріп жатады. Осының салдарынан жастардың еліміздегі өмірге деген басқаша көзқарасы қалыптасады. Таң атқаннан бастап өлтірді, зорлады, ұрлады….

Менің прокурор достарым бар. Олардың айтуынша, осыдан 20-30 жыл бұрын болған жағдаймен салыстырғанда, қазіргі қылмыстық жағдай әлдеқайда жақсарды. Ал қазіргі ақпараттық жұмыс, арзан рейтингті қуу — бұның бәрін заң жүзінде қолға алу қажет деп санаймын. Мен өзім кешке қарай теледидарды қоссам, бірден көңіл-күйім түсіп кетеді. Ол жайында аймақтардағы адамдардың көбісі айтып отыр. Көңіліміз бұзылады дейді, таңертең теледидарды қосамыз, өлді, қырылды, кешке қарай келеміз, тағы өлді, қырылды. Халық үрей-қорқынышқа бой алдырады да, артынан сан алуан діни ағымдардан қорған іздейді», — дейді Н.Ерімбетов.


Оның сөзіне қарағанда, бүгінде жастардың өмірін ұйымдастыру мәселесіне баса көңіл бөлу керек. Терроризммен күрес жасақтарына миллиондап ақша бөлгенше жастардың уақытын ұтымды пайдалану жұмыстарына ақша шығарған жөн. Әйтпесе, бассейінге барудың өзі 1000 теңге тұрады. Сондай-ақ Н.Ерімбетов имамдар мен шіркеу қызметкерлеріне ғибадат орнында отырмай, xалықтың арасына жиі шығуға кеңес берді.

Соңғы жаңалықтар