Жарияланды: 510

Еліміздегі тұңғыш экономикалық жоғары оқу орнына 40 жыл толды

Еліміздегі тұңғыш экономикалық жоғары оқу орны- Алматы халықшаруашылығы институтына 40 жыл толды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Қазір Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті аталатын осындай арнаулы жоғары оқу орнын ашуға 1963-жылы жағдай жасалды. Жоғары білім ошағының 40 жылдық мерейтойына орай мұнда халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізу межеленген. Бас қосуға бүгінде еліміздегі ірі жоғары оқу орындарының ректорлары, ірі өнеркәсіптік, коммерциялық және банк құрылымдары мен мемлекеттік құрылымдарда басшылық қызмет атқаратын бұрынғы институт түлектері қатысады. Сондай-ақ, конференцияға Германия, Жапония, АҚШ, Түркия, Қытай, Франция елдерінің елшілері мен әртүрлі халықаралық білім беру қорлардың басшылары шақырылған. Конференция бағдарламасы аясында Тұрар Рысқұловтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою шарасы өтеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін