Еліміздің атын шығарып жүрген дарынды балалар туралы не білеміз - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің атын шығарып жүрген дарынды балалар туралы не білеміз

Еліміздің атын шығарып жүрген дарынды балалар туралы не білеміз

Мамандардың пайымдауынша, кез келген баланың бойында бұғып жатқан талант пен дарын болады. Тек оны дер кезінде ашып, дұрыс бағыт-бағдар сілтеу керек. Дегенмен елімізде ерте жастан өз ерекшелегін, бойындағы дарынын көрсете білген ұлдар мен қыздар жетіп артылады.

  • 8 Қазан 2018
  • 4135
Фото - Caravan.kz

Caravan.kz медиа-порталы соңғы жылдары дарынымен танылып жүрген балалар туралы еске түсіріп көрді.

Орынгүл Арыстан

Ақтаулық 12 жастағы оқушы жуырда ғана менталдық арифметикадан әлемдік рекорд орнатты.

Ол әлемнің 150 білімді оқушысымен бірге 30 мың есепті бар болғаны 26 минут 26 секундта шығарған. Жаңа рекорд Ресейде өткен Еуразиялық әйелдер форумында орнатылды. Оқушы қыз 2, 3 таңбалы есептерді калькулятордан да тез санайды. Ол әр есепке 2 жарым секунд жұмсайды екен.

Орынгүл былтыр Малайзияда өткен халықаралық олимпиадада 1-орын иеленген.

 

Данияр Кұрманбаев

Менталдық арифметика бойынша Ресейді таң қалдырған Данияр көп таңбалы сандарға математикалық амалдарды қолданып, тез шеше алатын қабілетімен “Пусть говорят” ток-шоуына қатысқан болатын.

Онда бағдарлама жүргізушісі Андрей Малаховтан бастап барлық жұрт қазақ баласының талантына қайран қалған болатын.Қазір Данияр өзінің шеберлігін шыңдап жүр.

 

Данэлия Төлешова

Алматылық Данэлия Төлешова Украинаның балалар байқауында жеңіске жетіп Париждегі Disneyland-ке жолдама ұтып алған болатын.

Данэлия ән айту шеберлігіне көрермендер тәлімгерлер жоғары бағалап, "болашақ әлемдік жұлдыз" деп сипаттады. 

Ол туралы "Біздің ханшайымымыз, сұлуымыз, тамаша талант және жақсы тәрбие алған қыз Данелек жеңіске жетті, достар! Шын жүрегімнен барлық жерлесімді құттықтаймын, Данэлияға Қазақстанның Тәуелсіздік күніне жасаған тамаша тартуы үшін алғыс білдіргім келеді. Біз сені жақсы көреміз!" — деп жазды Димаш Құдайберген өз парақшасында.

 

Алина Сансызбай

Кішкентай қыз Алина Сансызбай Ресейдің "Голос" байқауына қатысып, өз өнерін паш етті. Ол талантының арқасында ақтық сынға дейін жетті. Оның шеберлігін көпшілік жоғары бағалады.

 

Нұрмұхаммед Жақып

Жас дарын иесі белгілі әнші Мейрамбек Беспаевтың есімін танымал еткен «Бозторғай» әнін өте жоғары дәңгейде орындап, көпшілктің көңілінен шығып жүр. Қазір Нұрмұхамедтің өзі де түрлі ән жаздырып, бейнебаяндарын түсіріп жүр.

 

Абзал Мырзаш

Абзал 12 жасында 11 жылдық мектепті үздік бітірген. Бар-жоғы жеті жылда мектеп бағдарламасын еркін меңгерген ол ерекше қарым-қабілетінің арқасында талай халықаралық олимпиадаларда топ жарған. Қазіргі уақытта Қазақ-Британ техникалық университетінде білім алып жатыр.

 

Шәймерден Әскен

Шәймерден Әскен есімді бүлдіршін 4 жасынан бастап қазақ ақындарының өлеңдерін, поэмаларын жатқа білетін. Сол жасында-ақ, Мұхтар Шахановтың 9 поэмасы мен 40 тан аса өлеңін мүдірмей айтып, елді таң қалдырған болатын.

Мұхтар Шахановтың өзі батасын берген Шәймерден қазір 10 нан асты.

Ол бүгінде 15 тен аса поэма, 40-қа жуық жыр-дастанды еш мүдірмей айта алады. Ол Мұхтар Шахановтан бөлек Фариза Оңғарсынова, Төлеген Айбергенов, Мұқағали Мақатаев, Сырбай Мәуленов өлеңдерін оқып, жатқа айтады.

 

Азамат Нұрқожа

Ақтау қаласында туа біткен буынсыз бала тұрады. Бар жоғы 9 жастағы оқушы КИнЕС-тің рекордтар кітабына енген буынсыз жігіт Айдос Тоқтарбаевтың әйгілі трюктерін оп-оңай қайталайды.

Ел арасында «пластилин» бала атанып кеткен Азамат Нұрқожа қазір өздігінен жаттығады.Анасы Жанна Байбозованың айтуынша, баласының іс-әрекетіне көп адам таң қалып жатады.

«Өткенде, мысалы Астанаға барғанда ұшақта ұйқысы келіп, аяғын мойына қойып отырып ұйықтады. Аяғымды жинап отырғым келеді дейді. Ел көріп мына баланың отырысы қызық екен деп, сұрап, танысып, суретке түсіріп, таң қалды», дейді ол.Әзірге Ақтау қаласында оның қабілетін ашып, мүмкіндігін жетілдіретін арнайы орын болмай тұр.Көпшілік оны әлеуметтік желі арқылы таниды. 

 

Темірлан Амангельдин

Темірлан 17 жаста. Ол – Халықаралық математика олимпиадасының қола жүлдегері. Қазақ баласының дарынын байқаған оңтүстіккореялық беделді оқу орыны оны тегін оқуға шақырды, ең жоғары шәкіртақы тағайындады. Темірлан қазір Оңтүстік Кореядағы Ульсан қаласында робототехникасаласын оқып жатыр.

 

Жалпы енді жетіліп келе жатқан жас жеткіншектің бойындағы табиғат сыйлаған қабілетті, талантты дер кезінде тани білу, оның одан әрі жетілуіне бағыт-бағдар бере білу өзінше күрделі іс. Бірақ әрбір баланың қабілетін анықтап, оны сол жолда жетелеу кез келген ұстаз міндеті әрі парызы. Баланы өз заманына орай бейімдеп, өз заманының озық өнегесін оның ақыл санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы.

Бүгінгі таңда мемлекет пен қоғамның алдында тұрған басты мақсат Республиканың интеллектуалды әлеуетін сақтау және қазақстандық азаматтан зиялы қауымды дайындау. Білім мен ғылым кеңістігінде еліміздің білім қызметкерлері көптеген тың өзгерістер енгізді. Интеллектуалды жоғары, қоғамға жаны аши білетін азаматтарды дайындау мектеп қабырғасынан басталады. Ендеше жаңа ғасырмектебінің алдында тұрған міндет-дарынды балалармен жүйелі жұмыс жүргізу болып табылады.

Соңғы жаңалықтар