Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады. Сөйтіп, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. 

  • 18 Желтоқсан 2017
  • 137
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы "Қазгидромет" хабарлады.

Тек республикамыздың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты таңертең және күндіз аздаған жауын-шашын болады. Кей жерлерде тұман болып, оңтүстік-шығыста желдің күшеюі  болжанып отыр. 

Алматы облысының  Алакөл ауданында жел 18-23 м/с-қа дейін күшейеді, күндіз екпіні 28 м/с болады, түнде кей жерлерінде тұман болады. 

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман болып, күндіз жел 15-20 м/с —қа дейін күшейеді. 


Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерде тұман болады.   

Соңғы жаңалықтар