Еліміздің батыс өңірінде тойланатын Амал мерекесін мемлекеттік мейрам ету ұсынылды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің батыс өңірінде тойланатын Амал мерекесін мемлекеттік мейрам ету ұсынылды

Еліміздің батыс өңірінде тойланатын Амал мерекесін мемлекеттік мейрам ету ұсынылды

Бұл туралы әлеуметтік желінің белсенді қолданушыларының бірі - Жәнібек Қожық ұсынды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы. Ол 

  • 2 Наурыз 2017
  • 2815
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы әлеуметтік желінің белсенді қолданушыларының бірі — Жәнібек Қожық ұсынды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Ол батыс өңірлерде ғана сақталып қалған аталған мерекеннің жақсы жақтарын тізбектей келе мейрамдар қатарына қосса артық болмайды дегенді меңзейді.

Жәнібек Қожық өз парақшасында толығырақ былай депті:

14 Наурыз Амал мерекесін, «Көрісу күні» деп мемлекеттік мерекелер қатарына қосу керек! Амал мерекесі 14-ші наурызда басталады. Бұл мереке қазақ халқының ең ежелгі мерекелерінің бірі. Кезінде бұл күнді барлық қазақ халқы бірге тойлаған. Бірақ уақыт өте келе «Көрісу күні» тек батыс облыстарында сақталып, соның ішінде Маңғыстауда ерекше аталып өтеді. Амал мерекесі, көрісу күнінің тарихы өте тереңде ол өз алдына бір тақырып. Амал мерекесі Маңғыстауда қалай тойлайды соған тоқталайық.

14 наурыз жақындағанда әр үй Амалға дайындалып үйлерін ақтап, аулаларын тазартып, қонақ күтуге әзірлене бастайды. 13 наурыз күні келіндер шелпек, бауырсақтарын пісіріп ертеңгі күнгі амал дастарқанына дайындайды. 13 күні түнде үй –ішімізбен ғұсыл дәреттерімізді алып, Алладан Ел –жұртымыз, балаларымыз аман болсын! деп жақсы тілек тілеп жатамыз. 14 Наурыз күні таң ата ерте тұрып, таза киімдерімізді киіп, көрші үйлерден бастап түгел ауылға көрісуге шығамыз. Әр үйде кең дастархан жайылып, ет асылып, наурыз көжелері қайнап жатады. Жастар үлкендерге көріседі, үлкендер: «Шыққан жасың құтты болсын!, бақытты, абыройлы болыңдар!» деп батасын береді. Жасы үлкен ақсақалдар түске дейін өз үйлерінде отырады. Түс қайта олар да, өздеріне жасы үлкен ағаларына, жолы үлкен жекжат құдаларына, үйінде төсек тартып ауырып жатқан науқас адамдарға барып көріседі. Сол күні ауыл ақсақалдары араздасып қалған ағайындарды бір-біріне ертіп барып көрістіріп, татуластырады. Қанша жерден ата жауың болса да, Амал күні кешірім сұрап үйіңе барып, қолын ұсынған адманың қолын қағып, кеудесінен ешкім итермейді.

Бұл ежелден келе жатқан қазақтың дала заңы. Ал бұл қағида Маңғыстау әлі сақталып келе жатқан киелі өлке.


Амал мерекесінің бұдан да басқа жақсы салт-дәстүрлері көп, оны пікір жазатын достардың еншісіне қалдырдым. Біздің ұсынысымыз: 14 наурыз Амал мерекесі, «Көрісу күні» деп мемлекеттік мереке күніне қосып, Республика болып тойласақ қалай болады? Оның қасында жаңа жылды да бір ай бұрын тойлап жүрген жоқпыз ба? Сіз не дейсіз, ағайын! — деп аяқтаған.

Соңғы жаңалықтар