Еліміздің бес облысында дабылды ескерту жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің бес облысында дабылды ескерту жарияланды

Еліміздің бес облысында дабылды ескерту жарияланды

Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстықтың беті қайтар емес. Осыған байланысты алдағы бірнеше күнге бірқатар өңірде дабылды ескерту жарияланды. 

  • 26 Шiлде 2017
  • 216
Фото - Caravan.kz

"28-29 шілдеде күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында, 29-30 шілдеде Қостанай, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде күн қатты ысып, 40-43 градусқа дейін жетеді", — деп хабарлады Қазгидромет. 

Сәрсенбі 26 шілде Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы, кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, жел тұрады, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, бұршақ түсуі мүмкін, республиканың солтүстігінде түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Күндіз Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Қарағанды облыстарында, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай облыстарында кей жерлерде 45 градусқа дейін аптап ыстық болады.


 

Соңғы жаңалықтар