Еліміздің бірнеше қаласында пәтер бағасы арзандаған - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің бірнеше қаласында пәтер бағасы арзандаған

Еліміздің бірнеше қаласында пәтер бағасы арзандаған

Қазақстанда жаңа пәтер нарығындағы баға саясаты тұрақтаған. Жыл басынан бері Қазақстандағы жаңа тұрғын үйлердің шаршы метрінің бағасы орташа есеппен 5% қымбаттап, 266 мың теңгеге жеткен.

  • 20 Желтоқсан 2018
  • 17
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Baq.kz Ranking порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Еліміздің кейбір қалаларында жаңа пәтерлер бағасының төмендегені байқалған.

Ақтау қаласында баға 4,2% төмендеген, Көкшетауда – 4,5%, Павлодар мен Петропавлда – 24% дейін түскен. Бұл жайтты мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған ауқымды құрылыспен түсіндіруге болады.

Сарапшылардың пайымдауынша, елімізде тұрғын үй салуда мемлекеттік-жекеменшік серіктестік түріндегі мемлекеттік қолдаудың тиімділігі артуда.


2017 жылдың қазаны мен 2018 жылдың қазаны аралығында тұрғын үй алу жөніндегі банктік заем мөлшері 17,2% өскен (184,6 млрд теңге), оның үстіне ипотекалық нарықтың жоғары активтендірілуі Қазақстанның барлық өңірінде байқалған.

Соңғы жаңалықтар