Жарияланды: 20

Еліміздің бірқатар өңірінде қатты ыстық болады

Еліміздің бірқатар өңірінде қатты ыстық болады

Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің бірқатар облысында қатты ыстық болады.

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады. 

Жоғары атмостфералык кысым аумағының ықпалынан және оңтүстік құрғақ циклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек республиканың батысында және солтүстік-батысында Мәскеу ауданынан келген циклонының әсерінен найзағаймен жаңбыр жауып, кей жерлерінде қатты нөсер болады. Кей жерлерде желдің күшеюі, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстікті тұман басады.

Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Атырау облысында желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді. Ақтөбе, Қостанай облыстарының күндіз кей жерлерінде найзағай ойнайды, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. 

Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады, желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. Күндізгі уақытта Жамбыл, Қарағанды, түнде Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Алматы облысының кей жерлерінде желдің екпіні 17-22 м/с жетуі ықтимал. Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең, Павлодар облысында түнде кей жерлерде тұман түседі.

Күндіз Алматы, Жамбыл, Қостанай, Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін