Жарияланды: 310

Еліміздің Еңбек министрі жастармен кездесті

Бүгін «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар қанаты ІІ съезінің қарсаңында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов Шығыс Қазақстан облысының делегаттарымен кездесті.

Аталған министрлік баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, кездесуде мемлекеттік жастар саясатының басты бағыттары, әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік саясаттың бірқатар өзекті мәселелері талқыланды. 2011-2012 жылдары «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасын іске асыруға республикалық бюджеттен 95,2 млрд. теңге бөлінді. Бағдарлама іске асырылған уақытта оған 92,1 мың жастар қатысты. аталған құжаттың «Оқыту және жұмысқа орналасуға ықпал ету» атты бірінші бағыты аясында кәсіптік оқумен 92,5 мың адам қамтылды. Оның ішінде 47,5 мың адам оқуын аяқтап, жұмысқа орналастырылды. Әлеуметтік жұмыс орындары және жастар практикасы тәрізді жұмыспен қамту нысандары кеңінен пайдалану жалғастырылуда. Бағдарлама іске асырыла бастағаннан бері тек әлеуметтік жұмыс орындарының өзінде нысаналы топтарға жатқызылған халықтың арасынан 42,8 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 16,3 мыңы - 29 жасқа дейінгі жастар. Жастар практикасына алған мамандығы бойынша тәжірибе жинақтау үшін кәсіптік білім беру ұйымдарының 23,4 мың бітірушісі жіберіліп, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 2543 адам жұмысқа орналастырылды. «Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу» бағдарламаның екінші бағытының аясында бағдарлама қатысушыларына жеке ісін ашуға немесе кеңейтуге 5 жылға дейінгі мерзімге 3 млн. теңгеге дейін шағын несие алу мүмкіндігі беріледі. Жастардың жұмыс істеуіне бағдарламаның «Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» атты үшінші бағыты аясында да үлкен мүмкіндік берілген. Экономикалық белсенді орталықтарға көшуге ниет білдіргендер алған кәсіптері бойынша жұмыс және кейіннен сатып алу құқығымен жалға берілетін қызметтік үй ала алады. Бүгінгі таңда мұндай мүмкіндіктерді бағдарламаның 1361 қатысушысы пайдаланды, оның ішінде 509 жас отбасы бар. «Ауылды елді мекендерді дамыту» бағдарламаның төртінші бағытының ауқымындағы жобаларды іске асыру үшін құрылған жұмыс орындарына жастардың арасынан 1323 адам жұмысқа орналастырылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін