Еліміздің геологтары оңтүстік полюске автоэкспедиция жасамақ - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің геологтары оңтүстік полюске автоэкспедиция жасамақ

Еліміздің геологтары оңтүстік полюске автоэкспедиция жасамақ

Оңтүстік полюске бағыт алатын қазақстандық тұңғыш автоэкспедиция жолға дайындалуда. Бұл жайында «Қазақ географиялық қоғамы» қоғамдық ұйымының өкілдері Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтты.

  • 19 Шiлде 2011
  • 596
Фото - Caravan.kz

Аталған ұйымның мүшесі, профессор Ордабек Мазбаевтың айтуынша, бір жыл бұрын құрылған бұл ұйымның негізгі мақсаты — географиялық және онымен салалас табиғат және қоғам жөніндегі ғылымдардың дамуына ықпал ету, ғылыми жетістіктерді насихаттау, сондай-ақ ғылыми ізденістердің нәтижелерін көпшілікке жеткізу.

«Бұл экспедицияны ұйымдастыру Астана әкімшілігінің белсенді қолдауымен ҚазГео әзірлеген алғашқы ауқымды жоба болып табылады. Жобаны әзірлеу барысында күрделі қайта құру шараларынан өткен автокөліктер Антарктидаға, «Новолазеревская» бекетіне жеткізілді. Сәтті жүргізілген тест-драйв сараптама нәтижесіне сүйеніп, ғалымдарды жердің оңтүстік бағыттағы ең шеткі нүктесіне жеткізетін экспедиция техникасына сенім артуға болады», -дейді О.Мазбаев.

Сонымен қатар ғылыми кеңес оңтүстік полюске алғаш жеткен қазақстандық ғалымдарға Ақ континенттің табиғи- климаттық ерекшеліктерін зерттеуге жағдай туғызатын экспедицияның ғылыми бағдарламасын әзірлеуде. Аталған саяхатқа қатысушыларды қызықтыратын — ең таза континенттің метеоэкологиялық қалыпын зерттеу мақсатында қар мен мұз беті және басқа да табиғи материалдардың сынақтары алынып, елімізде зерттелмек.

Жалпы жоба бойынша экспедиция «Новолазеревская» бекетінен жолға шығып, ел тәуелсіздігі күні қарсаңында 2011 жылдың 16 желтоқсанында оңтүстік полюсқа жетпекші.

Соңғы жаңалықтар