Еліміздің кей өңірінде бұршақ жауады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің кей өңірінде бұршақ жауады

Еліміздің кей өңірінде бұршақ жауады

Республика аумағына Таймыр аудандарынан келетін терең және ылғалды циклон ықпал етеді, соның әсерінен жаңбыр, екпінді жел тұрып, ауа тем

  • 9 Тамыз 2017
  • 294
Фото - Caravan.kz

Республика аумағына Таймыр аудандарынан келетін терең және ылғалды циклон ықпал етеді, соның әсерінен жаңбыр, екпінді жел тұрып, ауа температурасы төмендейді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Кей жерлерде найзағай, жеке аудандарда — қатты жаңбыр, бұршақ және екпінді жел болуы мүмкін. Солтүстік және шығыста ауа температурасы +12…+17 дейін төмендейді, кей жерлерде +23…+28 жылы, батыс пен оңтүстікте +23…+28, кей жерлерде +33 градусқа дейін жылы болады.

Астанада 10 тамызда: Көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынды, бұршақ жауып, жел тұрады. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, екіпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +23+25°С.

11 тамызда: Көшпелі бұлт шығады, күндіз күн күркіреп, аздап жауын жауады. Бұршақ жауып, жел тұрады. Солтүстіктен 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +15+17°С.


12 тамызда: Көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +7+9°С, күндіз +17+19°С.

Соңғы жаңалықтар