Еліміздің кей өңірлерінде қатты аяз және көктайғақ болады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің кей өңірлерінде қатты аяз және көктайғақ болады

Еліміздің кей өңірлерінде қатты аяз және көктайғақ болады

Алматы облысында қатты аяз, Маңғыстау, Атырау облыстарында көктайғақ болады

  • 1 Ақпан 2018
  • 171
Фото - Caravan.kz

Бүгін Қазақстанның басым бөлігіне антициклон әсер етеді, сондықтан ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың батыс аймақтарына фронталды бөліктер жылжиды, кей жерлерінде қар жауып, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Алматы облысының Жалаңашкөл аумағында 24-29 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді –15-20, екпіні 23 м/с жетеді.

Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, Маңғыстау облысында көктайғақ болады деп болжануда.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, Ақтөбе облысының кей жерінде тұман түседі.


Атырау облысының кей жерлерде жаяу бұрқасын соғып, тұман түседі, көктайғақ болады.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ке күшейеді, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Алматы облысының кей жерлерінде бүгін де қатты аяз болады.

 

Соңғы жаңалықтар