Еліміздің мемлекеттік қарызы 40 млрд доллардан асты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің мемлекеттік қарызы 40 млрд доллардан асты

Еліміздің мемлекеттік қарызы 40 млрд доллардан асты

Еліміздің сыртқы қарызы 145 млрд доллар болса, оның 40 млрд доллары – мемлекеттік қарыз. Былтыр бюджет тапшылығын жабу үшін шетелден 1,1 триллион теңгеге жуық қаражат алынды.

  • 17 Маусым 2016
  • 515
Фото - Caravan.kz

Бұл 2013 жылмен салыстырғанда 9 есеге көп. Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутат Омархан Өксікбаев осындай деректерді келтіріп, Үкімет басшысынан бұл мәселенің қалай реттеліп жатқанын сұрады. Кәрім Мәсімов Қазақстан өзінің даму деңгейі мен сыртқы қарыз ара-қатынасындағы теңгерімді сақтайды деді. Теңге бағамын түзетуден кейінгі кезеңде жағдай біршама күрделенгенін айтқан Премьер-министр сыртқы қарыз негізінен АҚШ долларымен берілетінін айтты. Сондықтан Елбасының тапсырмасына сай, Үкімет ендігі жерде экономикалық саясат жөніндегі кеңесте Ұлттық қор мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаражатын пайдалану секілді мәселелерді қарастырады.

Омархан Өксікбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:


— Қазір бюджет шығысының 16 пайызын біз сырттан алған қарызбенен жауып отырмыз. Бюджет заңымызды алатын болсақ, ол жерде біздің үкіметтік қарыздың лимиті бар. Соның өзінде біздің Үкіметіміз өткен жылғы бюджетті орындау процессінде 457 млрд теңгеге асырып жіберіп отыр. Осы 2016 жылдың 2 млрд долларды қарызға алып, тағы да сол тапшылығымызды жабуға пайдаланайын деп отырмыз. Ал енді әр жеке адам өзінің қалтасына қарай өмір сүреді. Біз шығысымыз болатын болса, соны өзіміздің кірісімізбен есептеп, жұмсауымыз керек.

Соңғы жаңалықтар