Жарияланды: 300

Еліміздің оңтүстігі мен батыс аймақтарында күн қатты ыстық болады

Еліміздің оңтүстігі мен батыс аймақтарында күн қатты ыстық болады Сурет - headline.kz

Синоптиктер Қазақстан аймақтарында 29 маусымда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау–консультациясын жариялады.

"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, елімізде ауа райы әлі де құбылмалы болады. Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр, тіпті бұршақ жаууы мүмкін. Тек республиканың батысы мен оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады деген болжам бар.

Жамбыл, Солтүстік  Қазақстан, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде  жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с шаңды дауылмен күшейеді. Ақмола, Батыс Қазақстан,

Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Атырау, Ақтөбе облыстарында, Маңғыстау облысының кей жерлерінде қатты ыстық болады.

Күндіз Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Атырау облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Астана қ: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыс, батыстан  соғады, күші 9-14 м/с.  Ауаның  температурасы түнде +16+18°С, күндіз +31+33°С болады.

Алматы қ: көшпелі бұлтты, түнде және таңертең  жаңбыр жауады, найзағай болады. Жел 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде +15+17°С, күндіз +26+28°С болады.  

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін