Еліміздің шалғай аудандарынан келген балалар Қазақстан бойынша арнайы пойызбен саяхаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің шалғай аудандарынан келген балалар Қазақстан бойынша арнайы пойызбен саяхаттады

Еліміздің шалғай аудандарынан келген балалар Қазақстан бойынша арнайы пойызбен саяхаттады

«Самұрық-Қазына» Қорының өндірістік кәсіпорындарында жұмыс істейтін қызметкерлердің балалары «Туған елге саяхат» жобасының аясында іске қосылған арнайы пойызбен Қазақстан бойынша экскурсиялық тур жасады.

  • 24 Тамыз 2018
  • 27
Фото - Caravan.kz

«Самұрық-Қазына» АҚ ғимаратында жобаның соңғы маусымынан оралған 200 баланы қарсы алды.

Жоба түрлі өңірлерден келген балалар үшін тамаша мүмкіндік болды. Олардың көбі Қазақстанның тарихи және заманауи көрікті жерлерін бірінші рет тамашалады. Саяхат бағдары бойынша балалар Астана, Байқоңыр, Түркістан, Алматы және Алакөлде болды. Жоба биылғы жылы барлығы 600 баланы қамтыды.

Жоба алғаш рет 2016 жылы жүзеге асырылды, содан бері 1000 жуық бала Қазақстан бойынша арнайы пойызбен саяхаттап, еліміздің ең қызықты туристік нысандарын тамашалады.

Туған елге саяхат» балалар экскурсиялық туры – «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы шоғырланған аймақтарда жүзеге асырылатын «Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасының аясында жүзеге асырылады. «Менің елім» бағдарламасы «Самұрық-Қазына» Қорының еншілес компаниялары қалақұрушы болып табылатын аймақтарда өмір сапасын жақсартуға бағытталған жобалар сериясын біріктіреді.


Соңғы жаңалықтар