Жарияланды: 20

Еліміздің солтүстігінде күшті жел соғып, бұршақ жауады

Еліміздің солтүстігінде күшті жел соғып, бұршақ жауады

 

Еліміздің солтүстігіндегі бірқатар өңірінде жел күшейіп, найзағай жарқылдайды, бұршақ жаууы ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

 Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарында жел күшейеді Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында күн бұзылады 19 қыркүйекте Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды, бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с жетеді, күндіз 15-20, кей жерлерінде 23-28 м/с болуы мүмкін, екпіні 30 м/с және одан асып кетуі ықтимал. 19 қыркүйекте Ақтөбе облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді, күндіз 15-20, кей жерлерінде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с және одан қатты болуы ықтимал. 19-20 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды, дауыл соғады, бұршақ күтіледі. 19 қыркүйекте түнде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с жетеді. 19 қыркүйекте күндіз, 20 қыркүйекте тәулік бойы желдің күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетуі мүмкін. 19-20 қыркүйекте Петропавл қаласында найзағай жарқылдайды, дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін. 19 қыркүйекте түнде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Екпіні 15-20 м/с, 19 қыркүйекте күндіз, 20 қыркүйекте тәулік бойы желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.


 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін