Еліміздің солтүстігінде туристік маусым басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің солтүстігінде туристік маусым басталды

Еліміздің солтүстігінде туристік маусым басталды

Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында туризм маусымы басталдыбасталдыы.

  • 17 Маусым 2018
  • 11
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Хабарланғандай, ауданға жыл сайын 30 мыңнан астам қазақстандық және ресейлік туристер келеді. Шалқар және Имантау көлдерінің аумағында 37 демалыс орны мен 3 балалар сауықтыру лагері қонақтарға әзір.

Кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Сәуле Мәжекееваның айтуынша, биыл жалпы сомасы 14 миллиард теңгеден асып жығылатын 10 жобаны жүзеге асыру жоспарда бар. Соның ішінде 2 миллиард теңге ауданның жолдарын жөндеуге жұмсалмақ.

«Айыртау ауданына жыл сайын көптеген туристер келіп жатады. Сұлу табиғаты мен тарихи-мәдени ескерткіштері ауданда туризм саласын дамытудың жоғары әлеуеті бар екенін көрсетеді», — дейді аудан әкімі Бейбіт Исманов.


Жуырда ғана СҚО әкімі Құмар Ақсақалов Имантау-Шалқар курорттық аймағының туристік нысандарына барып, ондағы маусымға дайындық жұмыстарымен танысқан болатын.

Соңғы жаңалықтар