Жарияланды: 310

Еліміздің теңіз кемелері сатылымға шығарылды

Еліміздегі ұлттық теңіз кеме компаниясы акцияларының бақылаушы пакеті аукционға қойылуы мүмкін. «Қазтеңізкөлікфлот» бүгінде инвесторларға бірден 51 пайыз акциясын сатуды қарастырып жатыр.

Ұлттық компанияның бақылаушы пакетіне негізінен қытайлықтар мен еуропалықтар қызығушылық танытқан. Мәміле құны шамамен 60 миллион доллар. Айта кетейік, флот осыған дейін акциясының 49 пайызын саудаға шығарғанымен, ешкім алмапты. Қазіргі таңда компанияның еншісінде 21 су көлігі болса, соның сегізі мұнай тасымалдайтын танкер. Ақтау порты арқылы мұнай айдау айтарлықтай азайғандықтан, екі кеме қазір Қара және Жерторта теңіздерінде жүзіп жүр. Ал компанияны дамытып, жаңа флот құру үшін 200 млн доллар инвестиция керек екен. Алайда қаржы «Қазтеңізкөлікфлотта» да, оның басты акционері «Қазмұнайгазда» да жоқ. Сондықтан негізгі екпін бақылау пакетін қолына алатын серіктестерге жасалып отыр.

Марат Орманов, «Қазтеңізкөлікфлот» ҰТКК» ЖШС бас директоры:

-Компанияның 51 пайыз акциясын, яғни бақылау пакетін сатуды қарастырамыз. Себебі, шетелдік серіктестердің бәрі бақылауды өз қолдарына алғысы келеді. Қазір инвесторлар іздеп жатырмыз. Қызығушылық танытқан компаниялар да бар.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін