Жарияланды: 30

Еліміздің Украинадағы Елшілігінің қолдауымен қазақ-украин бизнес-қоғамдастығы өкілдері арасында онлайн-кездесу өтті.

Еліміздің Украинадағы Елшілігінің қолдауымен қазақ-украин бизнес-қоғамдастығы өкілдері арасында онлайн-кездесу өтті.

2021 жылғы 21 мамырда Қазақстанның Украинадағы Елшілігінің қолдауымен «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы А.Мырзахметовтің, Украинаның Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Г.Чижиковтың және Украиналық Өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағының президенті А.Кинахтың тең төрағалығымен екі елдің бизнес-қоғамдастығы мен профильді министрліктер өкілдері арасында онлайн-кездесу өтті.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлады. 

Іс-шараның басты мақсаты сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру, халықаралық транзиттік жүк тасымалдау проблемаларын шешу және екі ел арасындағы кооперациялық өзара іс-қимылды қалпына келтіру бойынша шаралар кешенін әзірлеу болды.

Тараптар қазақстандық-украиналық сауда-экономикалық ынтымақтастықтың үлкен іске асырылмаған әлеуетін ерекше атап өтті. Бұған 2012 жылғы көрсеткіштер дәлел бола алады.Сол кезде екі ел арасындаға сауда айналымының көлемі 5,4 млрд. долл. құраған болатын, ал соңғы жылдары бұл көрсеткіш 1,5 млрд. долл. аспайды.

Осыған орай, «Атамекен» ҰКП, Украина СӨП және УӨКО басшылығы екі елдің кәсіпкерлерін сауда мен кооперацияны жандандыруға шақырды. Бұл ретте, кәсіпкерлерге жан-жақты көмек көрсетіп, «қамқоршылыққа алуға» дайынғы айтылды.

Отырысқа қатысушылар А.Мырзахметовтің үш тақырыптық жұмыс тобын құру туралы ұсынысын қолдады.

Бірінші топ елдер белсенді жұмыс істеуге болатын тауарлар тауашаларын анықтау үшін екіжақты сауданы талдайды.

Екінші топ жүк тасымалдау саласындағы шарттарды жақсарту бойынша ұсыныстарды әзірлеуге назар салады. Бұл мәселелер одан кейін Қазақстан мен Украина арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссияның күн тәртібіне енгізілетін болады.

Үшінші топ кооперациялық ынтымақтастыққа көңіл аударады. Бұлтұрғыда ауылшаруашылық шикізатын бірлесе өңдеудің, ет және сүт мал шаруашылығының табысты мысалдар аталды.

Осы орайда, «KazakhInvest» АҚ-ның Қазақстанның бизнес ахуалы, шетелдік инвесторларға жасалған, Қазақстанның арнайы экономикалық аймақтары мен «Астана» халықаралық қаржы орталықтарындағыжеңілдіктер мен мүмкіндіктері туралы таныстырылымукраиналық серіктестердіңерекше қызығушылығын тудырғанын атап өткен жөн.

«KazakhInvest» пен «UkraineInvest» Инвестицияларды тарту мен қолдау кеңсесі екі елдің технологиялық, ғылыми және адами ресурстарын пайдалана отырып, Қазақстан мен Украинада бірлескен инвестициялық жобаларды дамыту үшін күш біріктіруге келісті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін