Еліміздің үшінші мегаполисінде цифрландыру бойынша семинар өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің үшінші мегаполисінде цифрландыру бойынша семинар өтеді

Еліміздің үшінші мегаполисінде цифрландыру бойынша семинар өтеді

Ағымдағы жылдың 24-25 қазанында еліміздің үшінші мегаполисінде қазақтілді БАҚ ілгерілету және «ЦифрлықҚазақстан» бағдарламасын дәріптеу жобасы аясында семинар өтеді.

  • 22 Қазан 2018
  • 33
Фото - Caravan.kz

Басты спикерлер ретінде Шымкент қаласы бойынша ақпараттық-технологиялық орталығының Ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу басқармасының маманы Ерқұлан Бармағанбетов пен жүйелік-техникалық қызмет көрсету басқармасының бас инженері Маржан Сәбден болады.

Шара Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығында жастардың, мемлекеттік қызметкерлер мен коммерциялық ұйым өкілдерінің қатысуымен өтеді.

Семинардың бірінші күніндеқатысушылар электронды үкімет пен электронды мемлекеттік қызметтің цифрлық мүмкіндіктерімен танысады. Екінші күннің оқу бөліміне блокчейн технологиясы туралы ақпарат кіреді. Тыңдаушыларға үлестіру тізілімінің технологиясы немесе дерекқордың жекелену теориясынмеңгерумен қатар, спикерлердің практикалық тапсырмаларын орындау мүмкіндігі беріледі.

Шараны «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен Коммуникативтік бастамалар және стратегиялар қоры ұйымдастырады.


«QDigitalInform»-қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдарын ілгерілету және «Цифрлік Қазақстан» бағдарламасын дәріптеу бойынша ерекше жоба.Жобаның жүзеге асыру мерзімі: 2018 жылдың қыркүйегінен желтоқсанына дейін. Жобаға еліміздің 7 өңірінен 2000-нан астам жас (IT мамандықтарының студенттері мен ұстаздары, мемлекеттік органдар мен коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері) қатысады.

Соңғы жаңалықтар